Бұл Тарбағатай, Маңырақ және Сауыр-Сайхан тауларымен қоршалған ұзындығы шамамен 80 шақырым болатын жазық. Бұл тарихи аймақ Патша алқабы деп аталады, ол көптеген қорғандармен таң қалдырады. Онда ШҚО туристік ақпарат орталығының мәліметі бойынша 200-ден астам қорған орналасқан.
Ең басты құндылықтардың бірі – осы жерден табылған Қазақстандағы үшінші Алтын адам. Шілікті қорымындағы қазба жұмыстары соңғы жылдардағы көрнекті жаңалықтардың бірі болып табылады. Дәл осы Шілікті алқабында сақтардың ұлы мәдениеті пайда болып, аң стилі дамыған деп есептеледі.
Орналасқан жері
Шілікті қорымы Өскемен қаласынан 510 шақырым жерде, Шілікті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай үш шақырым жерде орналасқан.
Бағдар сипаттамасы
Мұны білген жөн
Шілікті алқабы табиғат әсемдігімен ерекшеленбейді. Басты ерекшелігі –қорғандар, қазбалар. Бұл орындар терең тарихқа толы.
