Ашутаста көптеген рухтар жиналатын орын бар деседі. Мейірімді де ақжүрек адамдарға олар табиғаттың бар құпиясын ашады екен. Ал теріс ниетті адамдар үшін олар білімнің бар есігін жауып, көрінбейтін үлкен күзетші-алабайларды жібереді. Сазды жартастардан да үлкен бұл алып иттер айналасындағылардың бәрін жағымсыз тынысымен улап, саяхатшыны кері қайтуға мәжбүрлейді. Сондықтан бұл аймақ Ашутас (ащы тас) деп аталған.
(мәтінді ұсынған Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы)
