ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Рахман қайнарлары туралы аңыз

Көне Аңыз-Әпсаналар » Рахман қайнарлары

Шығыс Қазақстанға келгеннен кейін, Санжар атасымен бірге Рахман көліне бару үшін биік таулы Катон-Қарағай ауданына жол тартты.

– Бұл бір ерекше жер,– деп атасы әңгімесін бастады. – Байқайсың ба, бұл таулы жердің ауасы қандай таза? Әртүрлі шөптердің иісі және ну ормандағы кедр жұпар иісі мұрынды жарады. Бар жан – тәніңмен демалып көрші!

– Мен онсыз да солай демалып тұрмын! – деп күлді Санжар.

– Мұнда үлкен таулар және ғасырлық мәні бар жаңғақтар, шабындықтар, күн көзіне шағылысып, сарқырап ағып жататын сарқырамасы бар,– деп атасы мақтанышпен әңгімесін бастады. Екі жарым ғасыр жыл бұрын бұл жерлер тұруға өте қолайсыз жер болса, аң аулаушыларға қолайлы орынға айналған. Сол заманда бұл жерлерде тек тиіндар ғана емес, құстарда тіршілік еткен.

– Қасқыр, түлкі, аюлар бар ма? – Барыс ше? – деп Санжардың қуанышында шек болмады. – Барыс да бар деп атасы немересіне күлді,– сонымен қатар борсықтар, сілеусіндер, сусарылар, еліктер. Зияны жоқ бұғылар мен маралдар жайылып жүрді. – Бұл жер де аңызға айналған жер ме?– деп сұрады немересі. – Сен қалай деп ойлап едің? – деп атасы аң-таң болды. – Басқаша болуы мүмкін емес. – Маған Рахман көлі туралы аңызды айтып беріңізші! – Онда тыңда! – деп атасы әңгімесін бастады. Осы жерде Рахман деген қарт аңшы тұрған. Ол кісі құстарды және аңдарды аулағанды өте жақсы көрген. Адамдардың айтуы бойынша, ол ешқашан үйіне құр қол келмеген екен. Аң аулауға сәтсіз күндері яғни ешқандай аң ұстамаған кезде ол үйіне саңырауқұлақ, әртүрлі жидектер теріп әкеледі екен. Бір күні ол үйден ерте шығып, күнделікті әдетімен орманға құс іздеп шығады. Аңшы орман ішіндегі жолмен кетіп бара жатқанда бұтақтың арасына бір дыбыс естілгендей болды. Ол аңның ізіне мұқият зер салып келе жатады. Осы кезде оған сәттілік серік болып, сол сәтте мүйізі қатпаған жас маралдың ізіне түсуге мүмкіндік туды. Рахман аңшы ештеңеге көңіл аудармастан, аңның ізімен жүре береді. Біраз уақыттан соң ну орманның ішінен екі көзі жасыл боп жарқыраған марал көрінеді. Сезімтал марал адамға қауіппен қарады. Мұндай мүмкіндікті жібергісі келмеген аңшы маралды атып түсіреді, марал болса оқ тиіп жараланады. Бәрі өте тез болады. Бірақ бір аяғынан жараланған марал барлық күшін жинап қашуға тырысады. «Менен ешқайда қашып құтыла алмайсың» – деп ойлайды шаршаған Рахман, арығарай жаралы маралды ізімен аңдып жүре береді. Жаралы маралды соңынан іздеп келген аңшы Арасан көліне келіп қалды. Қалжырап жүрген Рахман таудың үстінде орналасқан үлкен тасты кесеге келгенін байқамай қалды. Көлді биік таулар қоршап, көрінбей тұрған еді. Оның суы өте тегіс боп көрінді, оның бетінде қою тұмған тұрған. Жаралы марал қиналып көлге қарай жүгірді. Оның суға батқаны соншалық қасиетті мүйізі ғана көрініп тұрды. Көріністің кереметтігі сондай әдемі, аңшы таңқалып бір орында абдырап қалды. Оған көлден тыныш үн естілді. Сөйтіп біраз уақыт өтеді. Рахман есін жиып, Маралға жақындаған кезде бір ғажап көрініс болды, осы уақытқа дейін өлгелі жатқан марал түк болмағандай жеңіл және емін-еркін қиналмай судан көтеріледі. Осыны көрген аңшы ауызы ашылып, қаңсырап жатқан маралдың жаңа туғандай түрін көріп, емделіп шыққанына таң қалады. Маралдың денесі қуаттанып, икемделіп, кербезденіп қайтадан өзіне келіп, көзді ашып жұмғанша тез-тез секіріп көзден ғайып болады. Рахман осының бәрін көріп, өз көзіне өзі сенбеді. Осы таңғажайып жұмбаққа таңырқайды: «қалайша жараланған марал көз алдымда тез өз қалпына келді, не себептен күш-қуатын жинап алды». Бұл неткен құдірет! Таңырқап тұрған аңшы суға жақындады да, кір бетін осы сумен жуды. Бұл көл жібектей нәзік, ананың қолындай жұмсақ, жаңа сауылған сүттей жылы болып көрінді. Бұл бір бақыт белгісі еді. Сосын аңшы таудағы көлге барлық денесімен түсуге бел буды. Ол суға басымен бірақ кіреді де және жылы суға жылынады, суға түсіп болған соң өзінен ерекше бір сергектікті байқайды. Аңшыға да күш-қуат бітіп, жүйке жүйесі тыңышталады, кеудесі жеңіл таза ауамен толады. Осыдан кейін Рахман аңшы түрі жасарып, оған өңі кіреді. Ол буын мен бұлшық еттерінің сырқырап ауырғанында ұмытып кетті. Оған жастық кезі қайта оралғандай сезілді. Сол күні ол үйге құр қол келгенімен, көлдің ғажайып бір күш иесі екенін біліп үйге зор қуанышпен оралды. Бұл ғажайыпты барлық адамдарға сүйіспеншілікпен айта бастайды. Осы сәттен бастап аңшының аңызы арқылы мыңдаған адамдар, ғажайып емдік қасиеттерін өз көздерімен көріп, сезінуге келіп жатты. Содан бері «Рахман қайнары» бірінші ашқан адамның атымен аталады. – Керемет екен! Мен марал үшін де, аңшы ата үшін де қуаныштымын. Бұл тарих ертегідегі жанды суға қатты ұқсайды екен. «Біздің денеміз бен жан-тәнімізге табиғаттың өзі бір ертегі». Таза болсаң судай бол, бәрін жуып кетірген, жақсы болсаң жердей бол, бәрімізді өсірген деді» атасы. – Ата сіз өзіңіздің мақал құрап айтқаныңызды да байқамай қалдыңыз ғой! – деп Санжар аң-таң. Рахман тауында балықтар немесе итбалықтар бар ма? – Көлде ешқандай тірі жан иесі өмір сүрмейді, – деп атасы жауап берді. Ол көлдің суы көптеген емдік қасиеттерге ие, өйткені адамның ағзасына өмір сүруге күш сыйлайды. Аңыз бойынша көл іші екіге бөлінген, екеуінің арасында ауа кеңістігі орын алған еді. Ол жерде түкті ата өмір сүреді. Егер толған айды қайықпен теңіз ортасына дейін жүзіп барсаңыз, сол қызыққұмар шал сізді мекеніне алып кетеді. Ал бұл жерде елестер барма? – деп бала сұрады. Ұзын құлаққа сенсек бар,– дейді немересіне қулана жымыңдап күліп. Тұрғындардың айтуы бойынша бұл елестердің ешкімге зияны жоқ, кейде ғана жүреді екен. – Класс! – бала қуанып күледі. Мұнда ыстық қайнарлар да бар, жерден бу бұрқырап тұрады. Бұл жылы арасан суы. Бұл жерге әр түрлі адамдар өзінің денсаулығын емдеуге келеді. – Рахмет, ата! – Сіздің әңгіменізден мен өзімді ертегі әлемінде болғандай сезіндім, – деді Санжар.

Аманғазы Бексұлтан – “Рақман қайнары” аңызына иллюстрация.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз