© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Баяғыда Марқакөлдің орнында ар жақ, бер жағына көз жетпейтін үлкен жазық болған деседі. Сол уақытта найманның бір байының Марқа атты асқан сұлу қызы моңғолдың Ұраңқай руынан шыққан Балжын деген жігітті ұнатады.
Балжынның атақты бәйге кер аты болыпты. Марқаның ағаларының көзі осы кер атқа түсіп жүреді екен.
Кер атты алудың жолын іздеген қыздың ағалары Балжынның алдына марқа қозының еті піскенше үлкен жазықты айналып шығуы керек деген шарт қояды. Егер аталған мерзімде шауып шықса, Марқаға үйленеді, орындай алмаса, кер аттан айырылады.
Сонымен, бағлан сойылып, қазанға салынады. Балжын атқа қонады. Бағланның еті пісер-піспесте кер ат мәреге жақындапты. Су деңгейінің жылдам көтерілгені сондай, мәреге таяп қалған Балжын атымен қоса суға кеткен екен дейді. Кер аттың ізінен атқылаған су мен ақ Марқаның көз жасы қосылып, көл пайда болыпты.
Күні бүгінге дейін моңғол қазақтарында «Балжынгер» деген күй бар. Ал, көл осы оқиғадан кейін «Марқакөл» атанған екен.
Ерте кезде бұл көлдің орнында кең жазық дала болыпты. ол жерде аулуан түрлі әсем жасыл шөптер, ағаштар өскен екен.
Осы жерді мекендеген бір байдың жүйрік аты бірде қатты мазасызданып, бір орнында тұра алмай шиыршық атыпты. Содан бір уақытта жердің астынан су атқылап қоя береді. Аспанға шапшыған су лезде шөптерді, ағаштарды басып, жоғары көтеріліп, тау баурайына дейін жетеді. Сасқалақтаған ауыл көшіп үлгере алмай, әбден әбігерге түседі. Сөйтіп, әлгі байдың бір көген қозы -марқалары су астында қалып қойған көрінеді. Кейін аяқ астынан пайда болған сол көл “Марқакөл” деп аталыпты.

Асанбай деген байдың Марқа деген ақылына көркі сай сұлу қызы болыпты. Оған алыс-жақын ауыл жігіттерінің бәрі ғашық екен. Бірақ Марқа қыз ауылдасы, батыл да ержүрек, жылқышы Балағазы деген жігітпен сөз байласып жүріпті. Қызға сырттай ғашық болып жүргендердің бірі Жылымбай деген пасық жігіт өз қолы жетпейтінін біліп, қалмақтың ұрынхай тайпасының батыры Доланқараға барып, қыздың сұлулығын, бірақ жігіті барын айтады. Асанбайдың ауылын шауып, Балағазыны өлтіріп, малын Доланқара, қызын Жылымбай алмақшы болып келіседі. Жекпе жекте Доланқара өліп, Жылымбай мен тағы бір қарақшы Марқа қызды ұрлап алады да көлге лақтырады. Содан көл Марқа қыздың атымен Марқакөл атанса керек.
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз