ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Шілікті алқабы

Бұл Тарбағатай, Маңырақ және Сауыр-Сайхан тауларымен қоршалған ұзындығы шамамен 80 шақырым болатын жазық. Бұл тарихи аймақ Патша алқабы деп аталады, ол көптеген қорғандармен таң қалдырады. Онда ШҚО туристік ақпарат орталығының мәліметі бойынша 200-ден астам қорған орналасқан.
Ең басты құндылықтардың бірі – осы жерден табылған Қазақстандағы үшінші Алтын адам. Шілікті қорымындағы қазба жұмыстары соңғы жылдардағы көрнекті жаңалықтардың бірі болып табылады. Дәл осы Шілікті алқабында сақтардың ұлы мәдениеті пайда болып, аң стилі дамыған деп есептеледі.

Орналасқан жері

Шілікті қорымы Өскемен қаласынан 510 шақырым жерде, Шілікті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай үш шақырым жерде орналасқан.

Бағдар сипаттамасы

Өскеменнен шығып, Алматы тас жолымен Қалбатау ауылына қарай жүреміз. Бағдардың негізгі жерлері келесідей: Өскемен – Қалбатау ауылы – Көкпекті ауылы – Тарбағатай ауылы – Зайсан – Шілікті ауылы – Шілікті алқабы.
Алдағы уақытта мұнда Берел қорғандары немесе «Ақ-Бауырға» ұқсас ашық аспан астындағы мұражай жұмыс істейді деп болжануда. Алайда, аумақ ештеңемен қоршалмаған, мұнда экскурсия жасаушы адамды, күзетшіні де кездестірмейсіз.

Мұны білген жөн

Шілікті алқабы табиғат әсемдігімен ерекшеленбейді. Басты ерекшелігі –қорғандар, қазбалар. Бұл орындар терең тарихқа толы.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз