ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

«Ақ-Бауыр» көне обсерваториясы

Шығыс Қазақстанның Киелі Орындары » «Ақ-Бауыр» көне обсерваториясы

Бұл Шығыс Қазақстандағы ең танымал әрі жұмбақ орындардың бірі. Кенді  Алтайдың бірегей мәдени ескерткіші.

Ақ-Бауыр астрономиялық кешенінің орталық бөлігі 25 м жуық диаметрлі амфитеатрға ұқсайды. Жан-жағын 4 м дейінгі биік гранит жартастар тағадай айнала қоршаған. Сол тасты «тағаның» ішінен ежелгі астроном-абыздардың әрекетін көрермендер бақылап, тамашалаған тәрізді.  

Ғалымдар арасында гранит қабырғадағы шағын үңгірге қатысты сұрақтар көп туындайды. Оны астрономиялық кешеннен оңтүстікке қарай бір шақырым жерде табуға болады. Үңгір қоймасында метр диаметрлі табиғи тесік бар. Үңгірдің төбесі мен қабырғаларында әлі күнге дейін зерттеушілерді таң қалдыратын суреттер бар. Бұл ежелгі суреттер бұрын табылған суреттерге ұқсамайды.

Ежелгі суретшілер нені көрсеткісі келгені туралы көптеген теориялар бар. Кейбір гипотезалар өте ерекше және таңқаларлық.

«Ақ-Бауыр» кешені Англияның, Кавказдың және Азияның көптеген басқа нео-литикалық храмдарын еске түсіреді. «Ақ-Бауырда» 80-ге жуық үңгір суреттері сақталған.

Описание маршрута

«Ақ-Бауыр» Өскемен қаласынан 38 шақырым жерде орналасқан. Қаладан шыққаннан кейін Самар тас жолымен жүреміз. Самсоновка ауылынан, Сібір көлдері бұрылысынан өтеміз         . Сағыр (бұрынғы – Ленинка) ауылының сыртында, одан екі шақырым жерде «Ақ-Бауыр» деген көрсеткіштен бұрылу керек.

Осы уақыт аралығында барып-қайтып қана қоймай, сонымен қатар жартастағы суреттерді асықпай тамашалап үлгеруге болады.

Мұны білген жөн

Қазір «Ақ-Бауыр» күзетіліп, қоршауға алынған. Бұл мәдени ескерткіш және оның аумағына кіру ақылы.

Экскурсияның маңызды жерлері:

астрономиялық кешен;

қасиетті тас;

жартас суреттері бар үңгір.

Кешен аумағында туристер үшін жазғы ыстықтан қорғану үшін арнайы беседкалар орнатылған. Экскурсиялар көлікпен жүргізілмейді, сондықтан аймақты жаяу жүріп аралау қажет.

Егер тамақтанғыңыз келсе, тағамды өзіңізбен бірге қаладан алып алуыңыз керек. Бұл құрғақ тағам болуы керек. «Ақ-Бауыр» аумағында от жағуға, кәуап қуыруға, спирттік ішімдіктер ішуге болмайды. Кешеннің бүкіл аумағы тәулік бойы қорғалады, бұл 63 гектар жер.  

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз