ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Жыланды тау

Көне Аңыз-әпсаналар » Жыланды тау

Аңыздарға құлақ салсақ ертедегі Алтай өңірінде улы жыландар болмаған көрінеді. Ал қазір бозжыландар өте жиі кездеседі.

Бір қоныста тек ер адамдар өмір сүрсе керек, өйткені ру басы әйелдерді ұнатпайды екен. Бірақ өмір өз дегенін істейді; жас жігіттер көрші ауылдың қыздарын ұнатып, отбасын құруды ойластырады.

Хан ақылды еді, сондықтан батырларының көңілін қалдырғысы келмей оларға өз шартын ұсынады. Шарт бойынша жігіт қалыңдығын биік таудың басына көтеріп шығаруы керек. Егер күйеу жігіт сүйіктісін тау басына жеткізе алмай, жерге түсірсе қыз жыланға айналып кетеді. Көптеген жігіттер алынбас асудан қалыңдықтарын көтеріп өтуге бел буады. Бірақ тау жолы ауыр, ешқайсысы хан шартын орындай алмайды. Залым ханның тілегі орындалып талай қыздар жыланға айналып кете барды.

Бір кедей малшы жігіт әдемі бойжеткенге ғашық болады. Қыз да қарсы емес еді. Жас жұп ханға келіп, үйленуге рұқсат сұрайды. Жауыз көсем қарсылық білдірмей өз шартын ұсынады.

Малшы жігіт қалыңдығын алып құзға бет түзейді, өз мақсатына жетуге ұмтылған жігітті хан көз алмай бақылап тұрады. Жігіттің әлі құрып шаршай бастайды. Хан қыздың жерге түсіп жыланға айналуын асыға күтеді. Бірақ қыз жігітіне көмектесе бастайды. Жауыз көсемге көрсетпей аяқ қолымен жер тіреп, итеріледі. Сөйтіп әлдері құрыса да ақырын алға жылжи береді. Сөйтіп құз басына да жетті. Ашуға булыққан ханның өзі улы бозжыланға айналып кете барды.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз