© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Көне Аңыз-әпсаналар » Үржар қаласы атауының шығу тарихы жайлы аңыз
Алғашқы жоңғар шапқыншылығы Үржар өңірінің Тарбағатайынан басталып, шешуші шайқастар да осы маңайда өткен. Жоңғар шапқыншылығы кезінде123 жыл бойы қазақ ауылдары жоңғарлармен қатар өмір сүрді. Олардың тілі, салт дәстүрі де араласып кеткен.
Шапырашты Қазыбектің 1776 жылғы жазбаларында жоңғарша сөйлемейтін қазақтың, қазақша сөйлемейтін жоңғардың болмағаны айтылады. Үржар атауы да қайдан шыққан?
Үржар өзенінің төменгі ағысында Алакөлге құяр Сарбұлақ өзенінің жағасында әртүрлі ағаштар – биік теректер, қайың, тораңғы өседі. Ағаштардың бұтақтары әртүрлі құстардың ұясына толы. Өзен жағасы салт атты көрінбейтіндей тік жарлы болып келеді. Жарқабаққа жағалай құстар ұя салған. «ҮҮР» сөзі монғолшадан аударғанда ұя дегенді білдіреді. Уақыт өте келе бір Ү түсіп қалып, Үржар, яғни ұяға толы жар деген сөз қалған дейді.
Үржар атауы солай пайда болған.
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз