© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Бұрынғы өткен заманда апайтөс Арқаның бел ортасында бір қауымды жұрт өмір сүріпті. Жағалары жайлауда, жандары рахатта тамаша ғұмыр кешіпті. Шұрайлы жерден қоныс алған, малға да, жанға да бай өлкенің тұрғындарының «Бізде барлығы да бар. Тек сол мал-жанды қорғайтын батырымыз болса екен», – деген бір ғана арманы болыпты.
Күндердің күнінде бір отбасында алтын айдарлы алып бала дүниеге келіп, ел-жұрты үлкен той жасайды. Сол бала жыл санап емес, күн санап ержете бастайды. Туған-туысқандары да көркейіп келе жатқан баланы өз атымен атамай, көз тимесін деп, Толағай атап кетеді.
Күндердің бір күнінде жерге бір тамшы жаңбыр жаумай, қуаңшылық тартып, ел күйзеліске ұшырайды. Халықтың басына түскен мұндай ауыртпалық Толағайды да қатты мазалапты. Сонан соң Толағай Дана деген қарт ақсақалға барып ақыл сұрапты. Сонда қарт: «Қарағым, Толағай, біздің жеріміз жазық, бұлт үйіріліп тоқтайтын тауы жоқ.
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз