© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
(Дереккөз: Қатонқарағай – аңыздар өлкесі: электрондық ресурс / құраст.: Жұмағұлова Гүлзира Дәулетханқызы. – Өскемен: Рекламный Дайджест, 2024. – 176 б.)
Кезіндегі Үшінші ауылдың Таңба атануының қысқаша тарихы төмендегідей. Қазіргі ауылдың батыс жағында жер астынан шығатын қайнар – бастау бар. Оны тұма деп те атайды. Сол бастаудың тұсындағы тау беткейінде үлкен жартас бар еді. Жартастың бетінде әртүрлі жануарлардың суреті және жазуға ұқсас таңба-белгілері болған.
1980-1990 жылдары негізгі жолды Бұқтырма тасқыны бұзып алып кеткенде, жолды тау етегін қазып салуға тура келген. Жол жөндеушілер тауға қопарғыш дәрі қойып атқанда таңбалы тастың да быт-шытын шығарған.
Ауылдың Таңба атануына осы таңбалы тастың тікелей әсер еткені анық. Тіпті Кеңес өкіметі орнамай-ақ, Бәйтеннің Жанкісінен тарайтын он шақты үйді Таңба деп атай бастаған көрінеді.
Қазір сол Таңба ауылының жұрнағы болып Бұқтырма өзенінің оң жағында Еңбек ауылының түтіні түзу ұшуда.
Ел аузында белгілі ғалым, сыншы, әдебиетші Баламер Сахариев сол таңбалы тасты суретке түсіріп әкеткен деген де сөз бар.
(Рақымжанов Т. Өлеңмен өрілген өмір)
© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз