ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Сұлушоқы

Ертеректегі аңыздардың дерегіне қарағанда, ел жайлауға көшкен кезде Есдәулет деген адамның жұрты Үлкен Нарын өңіріндегі осы жерге қоныстанады. Есдәулет дәулеті тасыған, асқан бай болыпты-мыс. Байдың Сұлу атты жар дегенде жалғыз қызы оның қойшысының ұлы Шоқыға ғашық болады. Олардың бұл қылықтарын естіген Есдәулет бай байғұс кедейдің ұлын өлтіруге бұйрық береді, бірақ, онысын қызына айтпайды. Бұл сұмдықты артынан естіген Сұлу Шоқыны жерлеген жерге келіп, жылай-жылай екі көзінен айырылып, соқыр болып қалады. Ол осылайша күн сайын Шоқының басына келіп жүріп бір күні жардан құлап өлсе керек. Бұған қатты өкінген қыз әкесі «тірі кезде қосылмаса да, өлген кезінде бір болсын» деп, оны да сол таудың басына жерлейді. Қос ғашықтың зираттарының орны алғашында жәй ғана төмпешік болып, кейіннен тауға айналған көрінеді. Сөйтіп, сол тау ел арасында «Сұлушоқы» атанған екен.

Сұлушоқы сонау бір жылдары жарбиған аласа болыпты. Жыл өткен сайын биіктеп, басынан ұшқан құсты, соққан желді асырмайтын жоталы болып келеді деседі. Сұлушоқының етегі жайпақталып басталып, бірте-бірте тіктенеді. Жауыннан кейін көз тіксеңіз, етегін қалың қою тұман орап, бірақ ол тұман ұшар басына жете алмай дымы құриды. Ал сол аппақ тұман күн нұры төгілсе болды, дәл күншығыс тұсынан екіге қақ жарылып, жұмыртқадай аршылады. Кейде Сұлушоқы түн баласында сыңсып ән салып тұрғандай мұңлы да әуезді үн шығарады деген қауесет бар.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз