ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Шірікаяқ ауылы туралы аңыз

Көне Аңыз-әпсаналар » Шірікаяқ ауылы туралы аңыз

Ертеде Көкжарлыдан тараған Тарлан деген бай керей елiмен құда болып, жазда қызын ұзатқанда, жүйрiк қоңыр атын мiнгiзiп жiбередi. Қыс өтiп, жаз шыға Қоңыр ат қашып үйiрiне қосылады. Алыстан құдалары iздеп келгенде, Тарлан бай Қоңыр атты жаратып, бәйгеге қостырады. Қаракөк деген жүйрiктерiн бәйгеге қосқан ағайынды екi жiгiт Қоңыр атқа қастандық жасамақ болып, орта жолдан тосып тұрып, Қоңыр атты талдың iшiнде ұстап, шауып келе жатқàн аттардың бәрiн өткiзiп жiбередi. Аласұрған Қоңыр ат ұстап жiбермеген жiгiттiң тiзесiн қарш тiстеп, жұлып алады. Сонда екi жiгiттiң кiшiсi: Әй, аға-ай, айтып едiм, болмадың. «Тұлпар тiстегеннiң тұқымы құриды»  – деген сөз естiп едiм бiр қарттың аузынан. Осы қылығымыз бiзге жақса игi едi? – дептi. Ыза кернеген Қоңыр ат босана сала төте жолмен шауып отырып, көмбеден бiрақ шығады. Ат тiстеген жiгiттiң аяғы жазылмай, шiрiп, жiгiт сол жарадан өлген екен. Сол мекен Шiрiкаяқ атанып кетiптi. Қазiр Шығыс Қазақстан облысы Күршiм ауданында Шiрiкаяқ деп аталатын елдi мекен бар. Ал қоңыр ат шапқан төте жол – Шiрiкаяқтан Балақазға дейiн созылған тақыр тау Қоңыр ат жолы аталған екен.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз