© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
(Шығыс Қазақстанның аңыздары, ертегілері = Легенды, сказания Восточного Казахстана. – Семей : Артекс, 2018. – 122 б.)
Қазір екеуміз Зайсан ауданындағы атақты Шілікті алқабының патша қорғанына барамыз, – деді атасы Санжарға.
– Онда не бар? – деп сұрады балақай.
– Бұл үлкен алқап, онда жүзге жуық ежелгі обалар бар. Ол жерде ежелгі заманның мәдениеті мен билеушілерінің құпиясы жасырулы. Ол құпияны ашу ғалымдардың еншісінде. Сол жерде зерттеу жүргізіп жатқан археологтардың айтуынша, бұл алқапта құдіретті билеушінің ордасы болған.
– Ал олар бір нәрсе таба алды ма?
– О, бұл жерден керемет дүниелер табылған! Осы жерден төрт мыңнан астам өте жоғары сынамалы алтын бұйымдарын тапқан. Ол жерден үш мың жыл бұрын дала адамы – көпшенділердің дайындаған кішкене алтын сырғалары мен алқалары табылған.
– Біз екеуміз ата-бабамыздың тұрған жеріне барып, өткен өмірге еніп, суретін көз алдымызға елестетіп көреміз.
– Ол жер туралы аңыз бар ма? – деп сұрады, атасының әңгімелеріне құлағы үйреніп қалған Санжар.
– Әзірге ол туралы құрастырған жоқ, – деп күрсінді
– Ата, онда өзіміздің ертегімізді ойлап табайық! – деп ұсынды Санжар
– Ертегі? – деп таңданды атасы. – Екеуміз бе? Бірақ біз – ертекші емеспіз ғой… Жарайды, онда көрейік! – деп келісті атасы немересіне қарап.
Олар тарихи деректерге сүйене отырып, Шілікті алқабы туралы өздерінің тарихын құрастырып шығарды, содан кейін Санжардың атасы ұзақ уақыт бойы ежелгі және әдемі аңызды барлығына айтып жүрді.
Ерте заманда Шілікті алқабындағы шексіз жазық далада ежелгі тайпалар өмір сүреді. Оны үш жағынан таулар қоршап тұрады: оңтүстігі мен батысында – Тарбағатай, шығысында – Сауыр, солтүстігінде – Маңырақ таулары. Алқап басқа жерден өзінің табиғатының жайлылығымен ерекшеленетін: жазы салқын, қысы жылы және қарсыз. Көктемнен күзге дейін жайқалған гүлдің иісі аңқып тұратын. Ғасырлар бойы бой көтеріп тұрған талдардың көлеңкесі түсетін. Жасыл кілемдей жайқалған экзотикалық шөптер жазық даланың бетін жауып тұратын, ал ол жерде ең сұлу аңдары, атап айтсақ бөкендер, қара құйрықтар, бұғылар жайылып жүретін. Бұл жерді қорғап тұратын киелі рух болатын. Бұл жерді өз ісіне шебер, атақты адамдар мекен етті, мәселен: кеншілер мен ұсталар, атбегілер, тас кесушілер мен сүйектен ою оятын шеберлер, зергерлер мен ағаш өңдеушілер, шыны үргіштер мен тері илеушілер, тігіншілер мен тоқымашылар, ағашқа түрлі бедер салушылар мен мүсіншілер. Үйдегі қолөнер олардың табыс көзі болды. Оларды бәрі құрметтейтін. Тау-кен ісін шебер меңгерген ежелгі кен қазушылар кен ошағынан алтын, күміс, зүбаржат, жартылай асыл тастарды және темір рудаларын қазып алатын.
Шілікті алқабы бүкіл жер-жердегі саудагерлерді өзіне тартатын. Бұл жерге алыстан әр түрлі ұлттағы және діндегі көпестер келетін. Шіліктінің бай жәрмеңкесін көру үшін адамдар алыстан ат арқалап келіп, тауар сатып алатын.
Сол заманда көрші тайпада өзі қатал, өзі қызғаншақ адам тұрыпты, ол ел билегенді жақсы көреді екен. Билеуші өте бай болған, өзінің байлығымен басқа көсемдердің алдында мақтанғанды, байлығымен таңдандырғанды жақсы көреді екен. Ол Шілікті алқабындағы шеберлер металды өңдей отырып, сиқырлы сауыт-сайман мен ғажайып тәж жасап жатқанын естиді. Оның жартысы алтыннан құйылса, ал екінші жартысы күмістен құйылған екен. Алтыннан құйылған жағы алтын тастармен және кәріптаспен безендірілсе, күмістен құйылған жағы қара алмазбен безендірілген. Кім де кім бұл сиқырлы тәжге ие болып, оны басына кисе, бүкіл әлемнің әміршісі болып және шексіз елді билей алады деген әңгімені құлағы шалып қалады. Ол әңгімені ести сала, оның жүрегінде әмір болмады, қалай да ғажайып тәжді қолына түсіріп, атақты «Әлем әміршісі» атанып, аты әлемге тараса деп армандады. Сонымен қатар, ол өзінің иесіне жеңіс әкелетін сыйқырлы сауыт-сайманды қолына түсірмекші болды. Ол керемет қаланың көзін құртып, өзінің армандаған олжасына қол жеткізу үшін жауынгерлерін жібереді.
Бірақ ғажап оқиға болды. Жау қала қақпасына жақындай бергенде, қала барлық құрылысымен жер астына кіріп кетеді. Туған жері жаугершілікті көтере алмады. Жер кенеттен кеңінен ашылып, қаланы жауып қалды. Сөйтіп, шеберлер қаласы қараңғылыққа еніп, ғайып болды. «Шеберлерге барлық қақпа ашылып тұрады» деп халық бекер айтпаған ғой.
Ол жерде ежелгі тастар, тастағы жұмбақ суреттер мен жазықтағы көптеген обалар қалған. Ол жердің қойнауында ашылмаған қаншама құпия сыр жатыр. Кім біледі, бәлкім ғажайып шеберлер тайпасының жұмбақ ескерткіштері туған жерінде тығылып жатқан шығар?
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз