© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Көне Аңыз-әпсаналар » Шығыс Қазақстан жерінің пайда болуы туралы аңыз
Құрылыс материалдары бітіп, Алла тағала жерді жасап біткенде, таулар Құрылыс материалдары бітіп, Алла тағала жерді жасап біткенде, таулар мен шөлдер, ұлы далалар, ну ормандар, көлдер, теңіздер мен өзендері бар алып шар шықты. Бірақ, Құдайлар да қателеседі екен: осы жолы Жасаған жер кіндігінде тeciк барын аңдады. Не істеу керек? Сол мезетте Жаратушы шөлдер мен таулардың, ормандар мен түздердің сол тeciкті бітеуге құнарлы бөліктерін алды. Жұмыс аяқталғанда Алла жердің көріктілігіне тамсанады: оның бетінде алтын апталған сахара шөлдер, жарқыраған мұздар мен қардың қылаңы да астасып жатады. Ал, тесіп бітелген жер аса әсем еді.
Жұмысына разы жаратқанның енді жер жүзіне тіршіліктің керегін сезді. Сол сәттен бастап жер беті тіріле бастады: жел соғып, өзендер ағып, көлдер мен теңіздерде балықтар, ормандарда құстар мен аңдар пайда болды. Бұл аңдар мен құстар көбейе бастады.
Сол кезде жаратқан иеміз жерді өзінің мәңгі айналмалы шеңберіне қойды. Осы кезден жер күнді айнала бастады. Құдретті Алла өзінің таңданысына орай, тесік бітелген жердің ең әдемі көрініске ие болғанын байқады. Сол маңды адамдардың мекені қылуға бекінеді. Алдымен, адамдар тоқшылық пен молшылықта өмip cүpyi үшін жер асты қазба байлықтарын толтырады.
Осылай Шығыс Қазақстан жері пайда болған…
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз