ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Семсердің өлімі

Көне Аңыз-әпсаналар » Семсердің өлімі

(Дереккөз: Келгембаева Бақытжан. Ел мен жер тарихы: оқу құралы. –  Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. – 168 б.)

 

Тарбағатай тауының бір шыңын Семсер деген бүркіт мекендепті. Оның Семсер атануы өте шапшаңдығына орай болса керек. Қасқыр, түлкіні бұйым көрмей қырады екен. Семсерге әбден сеніп алған ел малына анда-санда ғана көз қырын салып байқап жүреді. Бір күні осы арада отыратын дәулетті адамның бәйгеге қосқалы отырған атын қасқыр жарып кетеді. Ат иесінің ақылы шолақтау болса керек, атты қасқырға жегіздің деп аспанда қалықтап жүрген бүркітті атып алады. Оқ тиген бүркіт атқан кісіге қарай шүйіледі. Бірақ талмау жерден тиген оқ бүркітті еркінен айырып, жартасқа соғылып өледі. Өлген бүркіт Семсердің сыңары екен. Серігінің маңында Семсер шаңқылдап бірнеше күн ұшып жүреді. Оның жерге тамған көз жасы қап-қара қарақатқа, қып-қызыл доланаға айналып кеткен екен. Ақырында серігі соғылып өлген жартасқа Семсер де соғылыпты. Қос қыран өлген жартас әлі күнге дейін Семсер аталады.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз