ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Седлуха (Ер тоқым) аңызы

Көне Аңыз-әпсаналар » Седлуха (Ер тоқым) аңызы

Тау етегінде созылып жатқан Бобровка селосы әкімшілік ғимаратының алдында тұрып тау жаққа көз жіберсеңіз таудың ертоқымға ұқсағанын анық көресіз. Сондықтан да тау – Седлуха (Ер тоқым) деп аталған. Тағы да бір табиғаттың тамаша көрінісі – жалаңаш әйел жұлдызды түнде шалқасынан жатып, бетін шынтағымен көлегейлеп, алаңқайда дем алып жатқаны көз алдыңызға келеді. Жергілікті халық арасындағы аңызға құлақ салсақ, аспанда жұлдыздар болмаған кезде түнде таулар алып адамдарға айналады екен. Седлуха тауының түп атасы – осы алып адам-таулар болған.

Бірде кәрі Седлуханың немерелері аспан кеңістігі үшін жұлдыздар қажеттігін ойластырады. Жұлдыз шығару оңай емес, басты өлімге байлау керек. Жұлдыз кристалдарын жасау үшін сумен шайылған көл жағалауын пайдаланады. Жұлдыз шығаруға қарсыласып баққан тау-әже көл суын жұта бастайды, бірақ кеш еді. Түнгі аспан жарқыраған оттарға тола бастаған соң алып тау-адамдар қатып, тасқа айналады…

Көпті көрген дана Седлуха кең алқаптың үстінде осылай қалып қойған деседі. Маңайында кішігірім тау жоталары орналасқан. Күндіз жанға жайлы тыныштық орнаса, түнде өзінің таулы жоталармен Седлуха жұлдызды аспан астында табиғат сұлулығына айналып, таң бозарғанша дамылдайды екен.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз