© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
(Дереккөз: Келгембаева Бақытжан. Ел мен жер тарихы: оқу құралы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. – 168 б.)
Ертеде Алтай тауларының бөктерінде Әбдірахман деген аңшы өмір сүріпті. Бір күні Әбдірахман жалғыз ұлын ертіп аңға шығады. Алдарынан лағын ерткен сыңар мүйізді марал шығады. Бала лақты көздеп атып жібереді. Оқ тиген лақ жер сүзіп құлай кетеді. Оның жаралы аяғынан аққан қанды көрген бала шошынып, есінен танып қалады. Жақын маңнан судың сылдырын естіген Әбдірахман баласының есін жиғызу үшін су әкелуге кетеді. Ол бұлақтың басынан марал мен лағын көреді. Жаралы лақтың бұлақ ішіндегі аяғының қаны тоқтап, жарасы жазылғанын көріп аң-таң болады. Бұлақтан жан торсығына қасиетті суды құйып алады да, баласына апарып ішкізеді. Осы кезде бала есін жияды. Әбдірахман ауылға су әкеліп, ауру-сырқауларға береді. Осыдан кейін бұлақты «Әбдірахман қайнары», кейіннен «Рахман қайнары» деп атап кетеді.
© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз