ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Қырыққұдық туралы аңыз

Көне Аңыз-әпсаналар » Қырыққұдық туралы аңыз

(Дереккөз: Келгембаева Бақытжан. Ел мен жер тарихы: оқу құралы. –  Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. – 168 б.)

 

Бұрынғы кезде Бейсен деген бай өмір сүріпті. Байдың жер қайысқан жылқысы, қора-қора қойы болыпты.

Бір жылы құрғақшылық болып, бұрын болған жалғыз су көзі құрып кетіпті. Малы қырыла бастаған бай жылқышыларына күндіз-түні құдық қаздырады. Жалшылар ыстықтан, шөлден өле бастайды. Мал да қырылады. Қырқыншы құдық қазылып біткенде санаулы адам ғана қалады. Бұл өңірді алғашында «Қандықұдық» деп атаған екен. Судың елге тигізер пайдасын көріп, мұндай атаудың жарамайтындығын ескеріп, «Қырыққұдық» деп өзгертеді.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз