ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Қарғыба сайы

Көне Аңыз-әпсаналар » Қарғыба сайы

(Дереккөз: Қатонқарағай – аңыздар өлкесі: электрондық ресурс / құраст.: Жұмағұлова Гүлзира Дәулетханқызы. – Өскемен: Рекламный Дайджест, 2024. – 176 б.)

 

Қарғыба сайы (Өрел а.о.). Қарғысқа қалған Қарғыба сайы деген осы. Жиырмасыншы жылдардың соңындағы қара қуғын, қызыл қырғын сүргелең заман екен.  Қытайға үдере көшіп бара жатқан қазақтың бір тайпа елі шекарадан осы Қарғыба арқылы өтпек болады. Ол жайында қызылдар алдын-ала біліп қояды да, дәл осы арада күтіп жатады.

Содан қалың көштің алды-артын қоршап, қос бүйірден екі пулеметпен оқ боратып, тірі жан қалтырмай қырып салыпты. Әке-шешелері оққа ұшып өлген омыраудағы бүлдіршіндер, жас балалар шырқырап жылап сайда тірідей қала беріпті. Ақыры балалар да жылай-жылай сілесі қатып, бәрі де осы арада аштан өліп бітіпті.

Содан бері сай ішінен анасын іздеп жылаған баланың, баласын жоқтап боздаған ананың дауыстары ауық-ауық естіліп тұрады деседі.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз