ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Өлген сері туралы аңыз

Көне Аңыз-әпсаналар » Өлген сері туралы аңыз

Біздің аудан Средигорный ауылдық округінің аумағында ерекше тау бар. Егер Большенарымға қарай жол жүрсеңіз, Шірікқайың ауылының маңында, оң жақтан сіз осы тауды көре аласыз. Ол арқасымен жатқан серіге ұқсайды. Бұл тау туралы қызық аңыз бар. Баяғыда бір ауылда темірші өмір сүріпті. Оның ұстаханасы ауылдың шетінде орналасады. Ол тырма, соқа, түрлі ыдыстарды соғып жасаған. Бірде үлкен апат келе жатыр деген қауесет таралады. Жаудың үлкен әскері төніп келе жатады. Ұста ұстаханасына асығып барып, өзіне сауыт, қылыш, қалқан соғып, жауға қарсы шығады. Шайқас ұзақ әрі қорқынышты болды. Көптеген жау әскері жайрады, біздің сері де аяғынан әрең тұрды. Соңғы жауды құлатқан соң сері кері қайтуға артқа бұрылады. Алайда сол кезде жау жебесі ұшып келіп, серіге қадалады. Сері жерге құлап, үлкен тауға айналып, жауларға жолды бөгеп тастайды. Содан бері бірде-бір жау біздің аймаққа шабуыл жасай алмаған екен. Қаншама ғасыр өтсе де, сұр тастар батыл жауынгердің ұлылығын еске түсіріп тұрғандай.

Өлген сері аңызына иллюстрация

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз