ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Мауқыбай және Шамажан асулары туралы аңыз

Көне Аңыз-әпсаналар » Мауқыбай және Шамажан асулары туралы аңыз

Қазақ халқы ерте заманнан қойдың жауырынына қарап, алдағы уақыттағы қиын кезеңдерден қалай өту керектігін болжап біліпті. Ауа райын да соған қарап болжаған екен. Және соған орай әрекет жасап отырыпты.

Әрине, жауырын арқылы бал ашуда қуанышты оқиғалар ғана емес, күйінішті жағдайлар да орын алған екен. Соған байланысты ел аузында мына бір аңыз әңгіме сақталған екен.

 Тарбағатай тауында Шамажан, Мауқыбай деген екі асу бар. Асулардың атын иеленген адамдар XVIII ғасырдағы жаугершілік заманда өмір сүріпті.  

Шамажан мен Мауқыбай мал бағып жүріп, осы екі асуды жаудан күзеткен екен. Екеуі де ержүрек болыпты. Қотанашы жайлауына шығар жолдың алғашқы асуын Шамажан күзетсе, екінші асуын Мауқыбай қарауылдаған екен. Мауқыбай балалы-шағалы адам болса. Шамажанның жасы отызға келсе де үйленбеген көрінеді.

Екеуі бір күні қойдың жауырынына қарап, болжам жасайды. Жауырыннан жоңғарлардың бейғам жатқаны көрінеді. Бұлар жауырынға сеніп, мал бағып, шаршап жүргендіктен ұйықтап қалыпты.

Жоңғарлар да жауырынға қарап бал ашады екен. Бал ашқан кездерінде қазақтардың жайбарақат жатқанын біледі. Іле-шала жоңғарлар шапқыншылық жасап, екі асуда ұйықтап жатқан Мауқыбай мен Шaмажанды өлтіріп, мaлдapын айдап кеткен екен.

Қазақтар Мауқыбай мен Шамажанның сүйегін осы екі асуға жерлепті. Содан бастап екі асу осы адамдардың есімімен аталып кеткен екен.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз