© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
(Шығыс Қазақстанның аңыздары, ертегілері = Легенды, сказания Восточного Казахстана. – Семей : Артекс, 2018. – 122 б.)
Біз Марқакөлге барамызба? – деп сұрады Санжар атасынан.
– Әрине! – деді ол. – Бірақ сен Марқакөлде болдың емес пе?
– Мен ол жерге тағы барғым келеді! – деп бұртиып, қырсық баланың кейпін танытты.
– Онда айтшы маған, сен бұл көл туралы не білесің? – деп сұрады атасы немересінен.
– Ол өте әдемі, айнаға ұқсайды. Суы мөп-мөлдір… – Санжар ары қарай не айтарын білмеді.
– Марқакөл туралы бар білгенің осы ма? – деп қалжыңдады атасы.
– Сіз айтып беріңізші, мен сонда білетін боламын! – деді немересі.
– Ол көл таудың ортасында тұр, – деп бастады әңгімесін атасы.
– Тура қарама-қарсында басын қар басқан Ақсубас тауы күнге шағылысып тұр…
– «Ақ бас», – деп аударып берді баласы.
– Жарайсың, айналайын! – деді атасы немересін қолдап. – Ал көлдің түсі ауа райына тікелей байланысты: жарқырап күн шықса, көгілдір және жасыл түске боялып, ал бұлтты күні сұр-қара және күмістей болып түнеріп жатады. Оның жағалауы шығанақтармен жырымдалған. Кейбір жерлері тастармен бөлінсе, кей жерлері көгалданған. Көлді таулы орман қоршап тұр.
– Маған орман ұнайды, – деп сөзін бөлді Санжар. –Ол маған сиқырлы болып көрінеді. Бұл нағыз жасыл патшалық!
– Көлдің жағалауы орманға айналған, – деп атасы сөзін жалғастырды. – Онда биік түтелі сағызқарағай, балқарағай, шырша, самырсын, қайың және көктерек өседі. Бұл жерді саяхаттанушылар жақсы көреді.
– Көлде балық бар ма? – деп сұрады немересі.
– Көл балыққа бай, – деді атасы немересін қызықтырмақ болып. – Балықтардан қарауыз бен майқан балығы бар. Ал майқан балығы өте сирек кездеседі, оның салмағы сегіз келіге дейін тартады.
– Мен ол жерде көптеген құстарды көрдім, – деді немересі.
– Аз емес, – деді атасы. – Жағалаудағы шабындықта гагаралар, үйректер, шағалалар және балшықшылар ұя салады. Көлдің жағасындағы орманда қарауырлар, құрлар, қара құрлар және шілдер кездеседі. Сонымен қатар, ол жерде сирек кездесетін дегелек пен бірқазан құстарын да көруге болады. Ол жердің табиғаты ғажайып болғандықтан, көлдің жағалауынан қорық ашып қойған.
– Ал аю бар ма?
– Қорықта аю да, сілеусін де, марал, еліктер де, тау ешкілері, суырлар да және т.б. аңдар да өмір сүреді.
– Ал қарлы барыс ше? – деп сөзін бөлді Санжар.
– Біреу бар, сен білмедің бе, барыстар бүгінгі күні өте сирек кездеседі, – деп күрсінді атасы.
– Сондай-ақ, ол жерде ондатр, кәмшат, құну және бұлғын сияқты аңдар да тіршілік етеді. Ондай аңдар Алтай жерінен басқа Қазақстанның басқа жерінде тіршілік етпейді.
– Міне, тамаша! – деп қуанды немересі. – Ал бұл көл туралы аңыз бар ма?
– Әрине, көл туралы көптеген аңыздар бар! – деп күлді атасы. – Ол туралы ақсақалдарымыз қуана-қуана әңгімелеп береді. Тыңда…
Ерте, ерте, ертеде таудың арасындағы үлкен алқапта, ну орманмен көмкерілген аңғар беткейлерінде, шүйгін, құнарлы шөптер өскен болатын. Қазақтар онда малдарды жазғы жайылымға айдап әкеліп тастайтын. Бірде сол жерлерге жергілікті қарт шопан өзінің қой-саулықтарымен жайылымға шығады.
Отарда тынышсыз кішкентай қозы жүгіріп жүрді. Оны қуып жететін қозы болмады. Ол әрдайым малшыдан қашып-пысып жүретін. Қартқа не істеу керек еді? Кең дала: барлығын айналып өтуге, арқанмен өлшеуге, көзбен көріп шолуға келмейтін. Ойнақы қашқындарды қуудан аяқ-қолы шаршап, жалыға бастады. Сол кезде тентек қозыны жуасытып, мықтап қолға алуға бел буды. Қарт шопан тентек қозыны жазалау үшін жерге қазық қағып, ұзын арқанға байлап, өзінің табынымен көрші жайылымға кетіп қалды.
Қозы күрсініп, томсырая қалды. Оның жалғыз қалғысы келмеді. Ол табынмен бірге болғысы келді. Сонымен қатар ол қатты шөлдеді. Бір орында тыпырлап тұрудан басқа амалы қалмады. Ол енді байлаудан қалай тез босаудың амалын іздей бастады. Тыпырлап-тыпырлап, ары жұлқынып бері жұлқынып, шыдай алмай, жас тұяқтарымен тепкілей бастады. Жерді тепкілеп-тепкілеп, бір кезде өзінің дегеніне жетті. Қазықты ырғап-ырғап, жерден шығарып алды. Қазықтың орнында болған шұңқырдан бастау суы атқылады.
– Осы жерде жер асты қайнары болған ғой! – деп ойлады бала.
– Дұрыс айтасын, айналайын! – деді сүйсіне қарап тұрған атасы. Тұяқтарын суға матырып, мұздай суға тойып алған қозы, бір кезде суға «күмп» ете түсті! Суға тұншығып қала жаздап барып, бірақ аман шықты. Өзінің бұйра жүндерін сілкіп тастап, қожайынының артынан қуана секіре жөнелді. Жаңа орынға көшкейі жатқан иесіне қосылып үлгерді. Бақташының қуанғаны соншалықты қозыға айғайлаған да жоқ. Ал қозы болса асықпай, өз үйіріне қосылып, түк болмағандай жайылып жүре берді…Осы қылығымен қартты таң қалдырды. Осылай керемет болды!
Осы кезде мөлдір жер асты бастауы тола берді. Тез арада барлық жайылымдарды, тау бөктерін суға толтырды да, сол жерде тамаша көл пайда болды. Оның суы көк жасыл түсті еді. Ол қалың таулы орманмен жиектеліп, күн сәулесінің нұрымен, үлкен жалтыраған күміс алқаға ұқсап кетті. Көлдің толқындары баршаның қуанышына шашырады. Адамдар таза тау ауасының сергітетін ылғалын өз бойына сіңіруге және шаттықпен ну орманның әдемілігін ұстап көруге тырысатын. Адамдар қайсар қозыны есте қалдыру үшін ол су қоймасын Марқакөл – «Қыстағы қозының көлі» – деп атап кеткен. Халық өз мақсатына жетудегі талпынушылық пен қайсарлығы туралы мынадай мақал құрастырды. «Қайсар ескекшіге де – жағалау да жақын болады».
Санжар мен атасы Марқакөлге жеткенде, алдарынан таңғажайып сурет ашылды. Бала көлдің сұлулығына таңқалды. Таңқалғаннан оның көзі жайнап кетті. Бұл шыныменде табиғаттың берген Шығыс Қазақстанның «көк кереметі» – деді Санжарға атасы.
– Оны «жарқыраған маржан, әлемнің кереметі және жер жанаты» – деп атайды. Мен өмірімде қанша жерді араласам да, осындай керемет тау өзенін ешқашан, ешқай жерден көрген емеспін,– деді ол.
– Менің өмір бойы осы жерде тұрғым келеді,– деді қиялдап.
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз