ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Маңырақ

Зайсан көліне жақын маңда Маңырақ атты тау бар. Әсем жартасты, биік құз-шыңды тау туралы мынандай аңыз бар. Таудың айналасында бұрын қазақ халқы көшіп-қонып жүрген екен. Жаугершілік заман болса керек, тосыннан тиген жау қазақтың малын айдап, қыздарын күңдікке әкетіп, әбден әбігерге салады.

Сол кезде ақсақалдар бас қосып, жау тағы тимей тұрғанда таудың ішіне барып жасырынуды ұйғарады. Аз-маз қалған қойларын айдап, дұшпан көзінен тысқары кетуге тырысады. Бірақ, қойлардың ішінде бір ақсағы жоғары шыға алмай, артта қалып, мазаны әбден алады. Сонда біреуі ол қойды жоғарыға көтеріп шығарайық дегенде, басқасы жаудың жақындап қалғанын айтып, тастап кетелік деп кеңес айтады. Ақыры ақсақ қой сол маңда қалып қояды. Ентелеген жау тауға да жетіп, ары-бері іздеп жасырынған қазақтарды таба алмай жүргенде, маңыраған қойдың даусына естіп қалады. Жылдам басып қойдың жанына келсе, айналысында әлі суи қоймаған адам іздері жатыр екен. Сол ізбен жүріп отырып, ақыры  қазақтардың жасырынған жерін тауып алып, қырып салады. Содан бастап тау Маңырақ аталып кетіпті.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз