ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Қоңыр әулие үңгірі

Көне Аңыз-әпсаналар » Қоңыр әулие үңгірі

(Шығыс Қазақстанның аңыздары, ертегілері = Легенды, сказания Восточного Казахстана. – Семей : Артекс, 2018. – 122 б.)

Атасы мен немересі тағы бір киелі орын – Қоңыр Әулие үңгірін көру үшін Абай ауданына аттанды.

– Санжар, бұл үңгір пайда болған кезінен бастап, түрлі наным-сенімдермен, аңыз-әңгімелермен тұмшаланып келеді, – деп бастады атасы.

– Маған қызықты аңыз айтып берші! – деп сұрады Санжар.

Бұл өте ерте заманда болды (тура мағынада). Ерте аңызға сенетін болсақ, бүкіл Дүниежүзілік су тасқыны басталған кезде, аспан қара найзағайға көмкерілді, өте көп мөлшердегі су жерге қарай ағылды. Өздеріне қарай жүзіп келе жатқан шаңырақтарды, киіз үйлерді және біреулердің үйге арналған ыдысаяқтарын көрген қазақ жерінен шыққан үш данышпан ағаштан сал жасады. Соның арқасында олар су тасқынынан аман қалады.

Содан соң қатты бораңда олардың салыжағаға келіп ұрылады, сөре бөлшек-бөлшекке шашылып қалады. Үш данышпан әртүрлі ағашта қалып қояды. Соның үстінде олар қарқынды боранды бастан өткізді, бірақ боран оларды әртүрлі жаққа лақтырып тастады. Су тасқыны тоқтап жер беті көріне бастаған кезде, әр данышпан құрлыққа жетіп, сол жерге өздерінің елді мекендерін құрды.

Қоңыр данышпан өзінің сал ағашымен осы жерлердің аңынан жүзіп келе жатып, өте алыстан судың көкжиегінен аққарға көмкерілген таудың шыңын көреді. Ол Ақ Тас атты жота еді (бұл қазақ тілінен аударғанда «Белый камень» деген мағынаны білдіреді). Соған барып Қоңырдың сал ағашы тіреліп қалады.

Ауданды зерттеп шығып, шаршаған жолаушы жан-жақты айнала шарлап шығуға шешім қабылдайды. Бір сәтте оның жанынан үлкен жапалақ ұшып өтеді, содан соң ол таудың қойнауына барып жасырынады. Солай данышпан үңгірге кіретін тар шатқалды байқайды. Оған тек қырлап қана кіруге болады. Үңгір оны қонаққа шақырып тұрғандай көрінеді, ертегідегідей сиқырлы жерге баурап тұрғандай еді. Бірақ ол жерден суықтың лебі шығып тұрды. Қоңыр ішіне кірді. Үңгірдің іші қараңғы еді, тек кішкентай ғана күннің сәулесі жартасқа жарық беріп тұрды. Ол сыртқа апарар жол еді. Данышпан өзіне от алау жасап алды да, ары қарай жүрді. Өлі тыныштық тұрды – осы жердегі барлық тірі дүние терең ұйқыға кеткендей. Үлкен тастарға жақындаған сайын басында бойын үрей алды, бірақ ол өзінің қорқынышын тез арада жеңді. Жартылай қараңғыда оның әр жаңа басқан қадамы данышпанды әрі қарай төменге жетеледі. Жартастағы топырақ көлбеу қадамдарын тездетуге мәжбүрледі және жұмбақ қараңғылыққа еліктіре түсті. Данышпан өте үлкен қара өткір және тайғанақ тастардың үстімен аяғын аңдап басып үңгірдің соңына қарай жүрді. Ішіне кірген данышпан тас болып қалған сақшыларды көреді, олар барлық жерде тұрған еді – осы үңгірдің ежелгі сақшылары. Үңгір бірнеше «бөлмеден» тұрады екен. Оған екі үлкен қонақ бөлме ашылып, басқа жанама есіктер кей жерлері тарылып жан-жаққа тарады. Қараңғы үңгірдің қойнауында ол кішкентай өзенді көрді.

Ол жерде суға толтырылған тас ыдыс тұрды.Табақша тәрізді кішкентай көлшікте су тұптұнық еді. Ол көгілдір суды алақанымен күрмеп ішіп көрді де, өзінің күшінің он есе артқанын сезді. Сол кезде данышпан бұл көлшіктің қасиетті: судың емдік екенін түсінді.

Осы жерге Қоңыр өзінің қонысын тікті. Суық күндері осы үңгірді адамдар мен жануарлар паналады. Осы жерде құрбандық оты жағылып, үй жануарларын құрбандыққа шалып отырды. Жер астында біздің атабабаларымыз алау жарығымен жануарлардың сүйектеріне қарап болашақты болжаған. Соғыста қаза тапқан жауынгерлерді жақын жерге жерлеген. Үңгірді содан бері Қоңыр-Әулие деп атап келеді.

Жер астындағы таңғажайып көлшік туралы аңыз жер-жерлерге тарады. Үңгірге баратын жолды білген адамдар бұл жерге өздерінің қайғы-мұңдары, аурулары және үміттерімен келді. Көптеген жылдар бойы таудағы өзеннің айрықша суы оның суын ішкен және сол суға түскен адамдарға үлкен пайдасын тигізді. Көлшіктегі таңғажайып судың арқасында әлсіз және ауырған адамдар түрлі аурулардан айығып, сауығып шығатын. Бұл жерге көшпенділер және қантөгісті соғыстан жараланған жауынгерлер ем іздеп келетін. Бұл жерге Шыңғысхан әскері жараларын емдетуге келген деп те айтады. Ал Қабанбай батырдың жауынгерлері осы үңгірде жасырынып, Жоңғарларға тұтқиылдан шабуыл жасаған. Қазақ әскерлері жойқын соғыстың арасында осы жерде уақытша келісім болған кезде демалатын. Қасиетті жерде соғысу әрқашан күңшілік болған.

Ақсақалдардың айтуынша, қасиетті үңгірдің ең терең жері, Еуразия эпицентрінде, Монғол жаулаушысы – «Әлемді дүр сілкіндірген» Шыңғысхан жерленген. Аңыздардың бірінде сиқырлы таудың көлінің тұңғиығында, он бес метр терең жерінде тастан жасалған қонақ бөлмеге апаратын құпия есік бар делінген. Осы есіктің ар жағында тағы бір, басты үңгір, табиғи қыраппен су басқан– өзін әртүрлі құпиямен айландырғанды ұнататын, жұмбақ Шыңғысханның соңғы баспанасы болуы мүмкін. Атақты қолбасшы барлығынан қулығын асырып, өзінің жерленген жерін жасырып қалды…

– Ұлы қолбасшы айласын асырған екен, – деді Санжар ойлана. – Бұл жер туралы тағы қандай аңыздар бар?

– Үңгірде, су асты хандығында оны қарғыстан қорғайтын төрт ақ жылан өмір сүреді дейді. Басқа жергілікті аңыз бойынша, осы қасиетті жерде, қорқынышты қараңғылықта, кейде жарқыраған елестер көрінеді екен. Бұл таудағы көлдің сақшылары – ата-бабаларымыздың аруақтары. Ақсақалдардың айтуы бойынша сол үңгірдің маңында ай сияқты аппақ қарт кезіп жүреді екен. Бірақ ол маңда тұратын халық ол елестен қорықпайды.

– Мен де аруақтардан қорықпаймын! – деді Санжар.

– Әрине, сен үлкен жігітсің ғой! – деп күлді атасы. – Ол қарттың кезінде қасиетті орында өмір сүріп, тек жақсылықтар жасағанына сенімдімін. Өзіне құрмет көрсетілсе, аруақ адамдарға көмектеседі деп ойлаймын.

– Қалай құрмет көрсету керек сонда?– деп таңдана сұрады Санжар.

– Үңгірге кірген кезде ойыңды, жан дүниеңді тазартып кіру біздің күнімізге дейін сақталған. Бұл әдістің бәрі өлі тыныштықпен іске асады, себебі адамдар қаһарлы елестерді оятып алудан қорқады. Ежелден бері Қоңыр-Әулиеге келген адамдар өздерін ғибадатханадағы сияқты ерекше таза ұстаған. Егер адам жамандық, сатқындық жасап,берген сертінен бас тартып, ауыр және балағат сөздер айтса, осы істерімен қайтыс болған аруақтардың жанына тыныштық бермейді. Үңгірде әлде қандай затын тастап кету туралы сенім бар. Сол кезде адамдар өздерінің ауруларын сол жерлерде тастап кетеді делінген.

– Мен күннен қорғайтын көзілдірігімді қалдырып кетейін, – деп Санжар тағы ойланып қалды. – Адамдар қандай сырқаттардан емделген екен?

– Әртүрлі. Өзенге жиі ұрпағын жалғастыра алмай көп нәрседен үмітін үзген отбасылар да келіп, қасиетті үңгірдегі жұмбақ күштен көмек сұрайды. Жерасты өзеніне келгеннен кейін көптеген сәбисіз әйелдер ана бақытын сезінеді. Адамдар таңғажайыпқа үміттенуден ешқашан бас тартқан емес. «Өмір қайда болса – үмітте сонда» деп халық арасында бекер айтылмаған.

– Қоңыр Әулие туралы аңыздың қалай басталатыны есіңде ме? – деп сұрады атасы немересінен.

– Ол үш данышпаннан басталатын, – деп жауап берді Санжар.

– Бұл оқиға біздің күнге жетіп, өз жалғасын тауып отыр, – деп атасы сұқ саусағын көтерді.

– Қандай?

– Өңірдің тарихын білгендер, ұлы мекеннің қазақ халқына даңқы өшпес басқа да данышпандарды сыйлағанын аңғарады: Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы және Мұхтар Әуезов. Олар қазақ халқының мақтанышына айналды. Олардың шығармалары адамдарға шындықтың таза ағынын беріп, әр қайсымыздың жанымызда мәңгілік отын жағады…

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз