ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Көкжал Барақ

Көне аңыз-әпсаналар » Көкжал Барақ

Көкжал Барақ батыр қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан азат етуші Абылай ханның ақ туы астында болып, жанын шүберекке түйген шайқастарда сан рет қаһармандық ерлік жасағаны үшін Көкжал атанған. Ел аузындағы әңгімеде, Іле бойындағы бір соғыста Көкжал батыр Абылайдың дұшпаны Болдыбекпен жекпе-жекке шығып, оны атынан ұрып түсіріп, Абылайдың алдына әкеліп тізерлетіпті. Сонда Абылай сүйініп: «Көкжалым-ай!» – деп Барақты арқасынан қағыпты және сол аңыздарға жүгінсек, Көкжал Барақ батырдың көкжелкесінен құйымшағына дейін өскен, ұзындығы екі елі көк қыл жалы болыпты.

Ашуланғанда сол арқасындағы жалы күдірейіп кететін Барақ батырдың есімі қазаққа ғана емес қалмақ пен қытайға да аңыз болып тарапты-мыс.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз