ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Кен-Керіш қазынасы

Көне Аңыз-әпсаналар » Кен-Керіш қазынасы

(Шығыс Қазақстанның аңыздары, ертегілері = Легенды, сказания Восточного Казахстана. – Семей : Артекс, 2018. – 122 б.)

Ал сіздер саяхаттауды жақсы көретін Санжар деген баланы танисыздар ма? О, ол өте ерекше бала! Ол атасымен бірге бірнеше күнге Кен-Керіш шатқалына келгенде тек соған ғана жоғалып кеткен Элов қаласы немесе «аруақтар қаласының» тарихы елестейді.

Таңертең ерте оянған атасы мен немересі жазығына серуендеуге аттанды. Төңіректің әсемдігін қызықтап, ұзақ серуендеп жүріп, түрлі-түсті сазбалшықты шатқалдың сұлулығы ойға сыйымсыз керемет екендігіне көздері жетеді. Айнала ерекше қызыл, сары, жасыл, көк және ақ балшыққа толы еді. Жарқыраған сазды құздар мен Кен-Керіштің шыңырауы алыстан желмен желбіреп лауылдап жанған оттың жалынына ұқсайтын, оны «Лаулаған жар» деп бекер атамаған.

Ыстық күндері, әке мен бала төңіректің алуан түрлі түстерін бақылай жүріп, аз уақытта қоршаған ортаның өз түсін өзгертетініне көздері жетті. Олар қызғылт, жирен, қоңыр реңкті түстер бірін-бірі  ауыстыра алатын бояулардың таңғажайып ойындарын көрді. Құмды жағалауда бірқазандар мен су құзғындары еркелей жайылып жүретін. Кешке саяхатшылар күннің ерекше әдемі батуын тамашалайтын. Оның таңғажайып бояулары теңізге малынып, шөл даланы тоқсары, сары және қызыл түстерге бояйтын. Ал, қараңғыда түнгі аспанның жарқыраған ірі жұлдыздарын, самал желін, шөлді жердің шөбінің аңқыған иісін, теңіз толқындарын тамашалауға болатын. Табиғаттың өзі ертегідей көріністер мен сюжеттерді бейнелеген. Жекелеген баған тәріздес шыңдарға бөлшектеніп, күзетші мұнаралардың күшті бастиондары бой көтеретін «Бекініс-қала» – олардың сұр қабырғалары зеңбіректің оғы тесіп тастағандай, терең шұңқырларға толы еді. Қызғылт, күлгін, алқызыл, ал кей жерлерде ақ мұнаралар және пирамидалар елес қалалардың қирауына ұқсаған.

Әсершіл баланың көз алдында шөл дала, үйінді, мұнара және сарайлар арасында Кен-Керішке жан кіре бастағандай болады. Ерекше әдемі, көне қала аспанға құлаш сермейтін және де бұл таң қалдырарлық елес емес-ті. Сықырлаған қызғылттау ұсақ тасты. Құмайт топырақ. Жоғалған әлем. Баланың ойына Конан Дойлдің кітабынан оқыған естеліктер келе бастады. Ал түнде бала түс көрді…

Күндердің бір күнінде осы жердің өзгеретін түстерін естіген бір топ аңшылар (асыл тас іздеушілер) қазына іздеп келіпті. Ол адамдар ертегідегідей өте бай болғылары келді. Көздері талғанша таңғажайып жерді аралап, аяқтарының астынан бағалы тастарды іздепті. Құмарлана іздегеннен, түннің қалай келгенін байқамай қалады. Шаршаған аңшылар келіп жеткен жерлеріндегі жазықта түнеп шықпақшы болады. Олардың демалуға жатқандары сол-ақ еді, кенет бұлт арасынан жарқыраған ай шығады да, айналаны жарқыратып жібереді. Айдың жарығымен адамдар өздерін жан-жақтан қоршап, өздерінің әсемдігімен ойнаған бағалы тастарды көреді. Тастардың сиқырлы жарқырауынан адамдардың саналары өзгеріп, олардың жүректерінде қызғаншақтық сезімі оянды. Барлығы да тек өзі ғана асыл тастарға, судай мөлдір алмастарға ие болғысы келді. Армандары байлық болып, қазынаны алу құқығы үшін адамдар бір-бірімен төбелесіп, жанжалдасып қалады. Нәтижесінде, барлық аңшылар көптеген жарақаттар алады.

Біраздан соң таң атады. Сол кезде олар өздерінің түкке тұрғысыз саз кесектері үшін төбелескендерін түсінеді. Адамдар байлықтан көздерінің қарауытқанын сезді. Көздерінен аққан жас беттерін жуады. Достардың қанмен боялған еріндеріне күлкі үйіріліп, бір–бірінен кешірім сұрады. Олар қолдарын алға созып, бір-біріне жерден тұруға көмектесті. Содан кейін барлығы да жоғары қарап сұрғылт бұлт торыған шексіз, көгілдір аспанды көрді. Адамдардың да жүздері жарқырап, жандары мейірімге толды. Көп жылдардан бері бірінші рет ешқандай байлықты қуаламай, адамды соқыр етер қасиеттерден арылып, өздерінің достарымен бірге екенін және бақытты екендерін сезінді. Сонымен, саз кесектер байлықтан басқаны қаламаған адамдарға түрлі-түсті мейірімділік пен даналықты сыйлады.

Адамдар өздерінің байлық іздеген жерінде әдемі Кен-Керіш қаласын салды. Бұл қалада білімді, өз еңбегімен өмір сүретін адамдар тұрды. Олардың ниеттері таза болғандықтан, рухани әлемдері де үндестікте болды. Олар текке қайғырғанша күнге қарап жымиып, аспанға табынып, көңілді де белсенді өмір сүру керектігін түсінді. Олар жақсы мен жаманды айыра білді, бір-біріне көмектесіп, көңілді әндер шырқады. Содан бері олар асыл тастарды іздемей, оның орнына күнде еңбекпен өткен күндерінен кейін аспанға күлімсірей қарап, күмістей жарқыраған жұлдыздарды тамашалайтын болды.

Ерте-ерте заманда Кен-Керіш деген қала болыпты. Қазіргі төмпешіктердің орнында ерекше сәулетті киіз үйлер, мұнаралар мен сарайлар болыпты. Аңызға айналған төбешіктер түн болғанда қайта ертегі қалашығына айналады да, жаңа күн туғанда тағы да сазды төбешіктерге айналады. Аптап даланың үстімен дірілдей-көлбеңдеп жел көтеріліп, айналдырып, ызыңдап ертегі айтып отырғандай болады…

Халық мақалы: «Жан сарайы ешқашан да сарқылмайды», – дейді.

«Кен-Керіш» қазақ тілінен аударғанда «әдемі жігіт» дегенді білдіреді. Өзінің қызыл түсті таңқаларлық келбетімен баурап алатын осындай жанат жерді Шығыс Қазақстандағы Марстың бір бөлшегі деп атайды. Кен-Керіште түнге қарай жұлдыздар жайнап, Ай шыққан кезде, мистикалық атмосфераның тылсым күшін сезінуге болады.

«Марсиандық төбешіктер» ойпатта көне вулкандар катерінде орналасқандай, Мезозойдың ыстық мен тропикалық ылғалды климатынан және динозаврлар билігін жүргізген кезден бастап, ашық бояулы сазды кендер пайда болған деседі. Бір кездері ол жерлерде пальма мен магнолия ағаштары өсіп, қолтырауындар мен мүйізтұмсықтар, тасбақалар мен саламандралар мекендеген екен.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз