ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Келін сүйегі туралы үзік сыр…

Көне Аңыз-әпсаналар » Келін сүйегі туралы үзік сыр…

Марғұлан Долдаханов

«Келін сүйегі» – атақты жазушы, Жарманың тумасы Әзілхан Нұршайықовтың туған жері. Әз аға туралы айтылған сайын осы жер не себепті солай аталды? деген ой мені мазалағаны соншалық, ізденіс жұмыстарын бірден бастап кеттім.

Ең бірінші қаламгердің туыстарынан ол кісі жайлы сыр тартып, әңгіме-сұхбат жүргіздім. Бір білетінім – «Келін сүйегі» деген жер 9-разъездің ар жағында, Сарықамыс деген елді мекенде екен. Кезінде сол жерде менің де ұлы аталарым тұрған.

Естеріңізде болар, атақты әнші Роза Рымбаева да сол жердің тумасы. Демек, қазақ жерінің сайын даласы дарындарды туғызатыны анық.

Үлкендердің айтуы бойынша сол жерде «Айтжан бастауы» деген бастау болған, суы тұщы. Менің атам да сол жерде қой баққан шопандардың бірі еді. Бірден ойыма, сол келіннің аты Айтжан емес пе? – деген сұрақ туындады.

Аталған жердің «Келін сүйегі» деп аталу себебі – кезінде сол жерде Павлодар жақтан келін қылып әкеле жатқан қыз бала қайын жұртына жете алмай қалады. Себебі жол-жөнекей келе жатқанда кеш батып кетіп, қонуға мәжбүр болған. Сол түні келінді жылан шағып өлтіріп, топырақ осы жерден бұйырды деп осы елді мекенге жерлеп, елді мекенді «Келін сүйегі» деп атап кеткен екен деседі. Ал сол келіннің есімі кім болғанын әлі ешкім айтып бере алмады.

Былтыр ауылға Әзілхан ағаның балалары мен немерелері келіп әкесінің кіндік қаны тамған жеріне барып қайтты. Бастау әлі күнге дейін ағып жатыр. Суы мөлдір әлі тұщы екен дейді.

Ал Ақбұзау ауылында орны ғана қалған ескі зираттар бар еді. Ауылымыздың көнекөз қарияларының бірі сол жерде Әз ағаның шешесі – Мұхтардың жерленгені туралы әңгімелеген кезде таң калдым. Киелі Жарма жері талай ұлыларды туғызған екенсің ғой…

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз