ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Кәріқыз

(Дереккөз: Қатонқарағай – аңыздар өлкесі: электрондық ресурс / құраст.: Жұмағұлова Гүлзира Дәулетханқызы. – Өскемен: Рекламный Дайджест, 2024. – 176 б.)

 

Баяғы өткен заманда бір шіріген байдың жалғыз қызы болыпты. Сөз салып келген жігіттердің бір де бірін менсінбепті. Бұған ғашық болған жігіттердің көпшілігі ішқұсадан қайтыс болған.  Жылдар өте берген, қыздың сұлулығы пәс тарта бастаған.  Қатары үйленіп, өз көштерінен лайықты орындарын алған.

Енді қызға әйелі өлген, кәрі құртаңдар мен шалдар төсек жаңғырту үшін құда түсіп келе бастаған. Қыз: «Бұларға тигенше арам шөпке айналғаным жақсы» дегені сол-ақ екен, Хақ Тағала оны шөпке айналдырып жіберіпті. Жапан далада жалғыздықтан шаршаған шөп, өткен-кеткенге жабысып ілесе жүретін болыпты. Кәріқыз атанған бұл шөпті ешкім жақтырмай айналып өтетіні сондықтан. Аддам тәккәпарлықты кешірмеген.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз