© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
(Ұлан ауданы, Қ. Қайсенов кентінің тұрғыны
Шолпан Әуесханқызы Иқамбаевадан жазылып алынды)
Ұлан ауданындағы Халық арасында «Точка» деп аталған Баяш Өтепов ауылының ертедегі тарихи атауы Есір екен. Ауыл атауының тарихы Шотқара деген Сыр елінен келген саудагер, барлаушының қызы Есірмен байланысты. Шотқараға Тарғын жері ұнағандықтан, осы жерге қоныс аударады. Алайда Шотқараның Есір атты қызы Сыр елінің бай адамында тұрмыста болып, сол жақта қалады. Араға біраз жыл салып Есірдің күйеуі қайтыс болып, күйеуінің туыстары Есірдің малын талан-таражға салып, шырқын кетіреді. Сондықтан, қыз әкесіне, ағайындарына жету үшін өзінің Боранбай атты жылқышысын үгіттеп, осы жерге қоныс аударады. Әрине, жолда олар көптеген қиындықтарға тап болып, нәтижесінде, ата-анасы, жақындары қоныстанған жерге мал-жанымен аман-есен жетеді. Міне, қазіргі Баяш Өтепов ауылы орналасқан қоныстың ертедегі Есір атауы туралы ел аузында осындай аңыз сақталған.
© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз