© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Ертіс атауының шығуы туралы мынадай аңыз бар.
Ерте заманда ноғай халықтарының бірінің көсемі қайтыс болып, артындағы мұраға екі ұлы ие болады. Үлкен ұлы күші басым болып бар билікті қолына алып, кішісін принц-шад етіп тағайындайды.
Кіші ұл ағасын көре алмай, оның өміріне қастандық жасауға бел байлайды. Ойлағаны жүзеге аспай, қашып кетуге мәжбүр болады. Кетерінде өзімен бірге бір күңді ала кетеді.
Кең даланы ұзақ аралаған олар бір күні арнасынан асқан дарияға тап болады. Өзенде балықтың түр-түрі, жағалаудағы орманда аң мен құс өте көп екен. Олар осы жерге қоныстанып, аңшылықты кәсіп ете бастайды.
Шад өз билігі өзінде ерікті адам еді. Көп ұзамай жолы болғыш аңшы туралы хабар ел арасына тарап, алыстағы ноғай еліне де жетеді. Ол жақтағы Емі, Имек, Татар, Баяндер, Қыпшақ, Ланиказ, Аджлад есімді жеті адам ғұн қожайынның малын бағатын еді. Малы өте көп болғандықтан жайылымдық жетіспей, Шад өмір сүріп жатқан өзеннің екінші жағалауына ауыз сала бастайды. Әлгі жетеу Шадтың үйіне жақындаған кезде, үйден әйел шығып, «Ер, түс!» депті. Ол «Жақсы оймен келсеңдер, тоқтаңдар!» дегенді білдірген екен. Содан бастап өзен «Ертіс» атауын ие болыпты.
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз