© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Ертеде Шығыс Қазақстан жерінде Әділбек есімді хан өмір сүріпті. Оның сұлулығында мін жоқ Үлбі деген жалғыз қызы болыпты. Бірде Үлбі Ертіс атты қойшыны кезіктіріп, бір-біріне шын жүректен ғашық болады. Алайда хан жалғыз қызының бай-бекзат көршісіне тұрмысқа шыққанын қалайды. Мұны естіген Үлбі өзінің сүйіктісі Ертіске қашып кетуге шешім қабылдайды. Күндердің бір күнінде Үлбі түн қараңғысында киіз үйден шығып, қашып кетеді. Оны сезген әкесі оянып кетіп, артынан қуады. Дәл сол сәтте аспан түнеріп, далада алай-дүлей дауыл көтеріліп, үрейі ұшқан жануарлар жан-жаққа қашады. Үлбі тауға дейін қашып келіп, қараса, құлама жардың арғы бетінде оны Ертіс күтіп тұр екен. Таудан секіруден басқа амалы қалмаған Үлбі, төменге өзін тастап жіберіп, өзенге айналады. Ертіс те осы сәтте ғашығының соңынан төменге секіріп, ол да өзенге айналады. Осылайша олар бір-бірімен қауышып, күні бүгінге дейін жұптары жазылған емес.
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз