© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Ерте-ерте ертеде ешкі жүні бөртеде, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен. Жарма деген жер бопты. Мыңғырған малы бар, ел қорғаған ері бар, дау жеңетін шешені бар, сол жерлерден шығыпты он жеті ақын деседі.
Қалбатау бойында, Шар өзені маңында Бірлік деген ауыл бопты. Сол ауылдың табиғаты әсем екен. Шөбі шүйгін болыпты. Бұл ауылға келген адам үш қонбай қайтпайды екен. Сол өңірде Батуринка деген ел бопты. Құт дарып, бақ қонған мекен екен.
Табиғатының әсемдігі соншалық көрген адамның көзі тоймаған екен. Жемістері бал дейді, Топырағы үгіліп, өспейтін өсімдігі, қонбайтын құсы, жүгірмейтін аңы жоқ деседі.
Үңгір бар дейді ол жерде «Голубина» деген. Сол үңгірде сақтапты дейді жаугершілік заманда азығы мен түлігін. Таудың ұшар басында орналасқан деседі. Көгершіні көп болғандықтан дәл осылай атапты. Қанша жылдар өтсе де бұзылмаған тастары, өзгермеген өңірі. Ауасы жұпар аңкиды.
Бір келіп көрген адамдар дертіне шипа тапқан дейді. Ертегі ғып жазғанмен, шындық екені ол анық.
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз