ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Ер Жәнібек бабам жайлы әңгіме

Көне Аңыз-әпсаналар » Ер Жәнібек бабам жайлы әңгіме

Бәтилә Сағымбек

Қарт тарих, ертеңіне бер мәлімет, Баяғыда байтақ елдің сенде әні көп. Жырлайын күміс көмей ұрпағың боп, Ұлтына ұран болған, Ер Жәнібек! – деп айтқандай, есімі тарихта қалған батырлардың бірі – Ер Жәнібек. Ер Жәнібек батыр туралы жазбас бұрын тарихтан деректер іздей бастадым. Ол кісі 1714 жылы Сыр бойында туып, 1792 жылы Қызылсу Шар бойында қайтыс болған. Бейіті қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ортабұлак ауылының жанындағы биік төбенің басында орналасқан. Ер Жәнібек Бердәулетұлы Абылай хан дәуірінде орта жүздің Керей ұлысынан шыққан әйгілі батыр. Қазак халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлігімен ел есінде қалған, Абылайға арқа сүйеу болған батырлардың бірі. Қазақ тарихында аты аңызға айналған Әз Жәнібек, Шақшақ Жәнібек сияқты «Ер Жәнібек – батырдың халқына берген аты» деседі.

Тарихта әйгілі Жәнібектердің ең соңғысы болғандықтан кейде «Ақыр Жәнібек» деп те атаған.

Халық аңызы бойынша Жәнібек киелі батыр ғана емес, асқан шешен де болған адам. Оның бұл қасиеті туралы аңыздар ел арасында күні бүгінге ұмытылмай айтылып келеді. Аңыздар негізінде «Ер Жәнібек» атты төрт жыр бар. Бұлар Абылай дәуіріндегі қолбасылар туралы туындылардың ішіндегі шоқтығы биік жырлардың қатарында.

Соның бірі – 1984 жылы Қытайда «Ұлттар» баспасынан шыққан «Қазақ қиссалары» деген кітаптағы Жәнібек туралы дастан.

Ер Жәнібек, әсіресе қазақ даласының шығысын жоңғар басқыншыларын тазартуда жеке ерлігімен, жеңісті жорықтар ұйымдастыра білген қолбасылық өнерімен ел сеніміне ие болған. Қазақ руларын Зайсан, Алтай өңірлеріне орнықтыруда елге тірек болып, көзінің тірісінде даңққа бөленген. Абылай мен Қабанбайдан бата алған.

Тәуелсіздік алғаннан кейін 2014 жылы Жарма ауданында батырдың 300 жылдығы атап өтілді. Бұл мерекеде киіз үйлер тігіліп, көптеген іс-шаралар өткізілді. Бұл мен үшін, келер ұрпақ үшін үлкен мақтаныш, үлкен бақыт. Ер Жәнібек туралы барлығы білер. Бірақ, Жарма жеріндегі бабамыздың мазарына барып тәу еткені, ұрпағының жалғасқаны деп білемін.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз