© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
(Шығыс Қазақстанның аңыздары, ертегілері = Легенды, сказания Восточного Казахстана. – Семей : Артекс, 2018. – 122 б.)
Ертіс: су, су және су… Алайда егер оған үңіліп қарайтын болсақ, ол бұлттар қалқып және құстар ұшып жүрген аспанға ұқсайтын болады. Күн оның көгілдір суына шашырап түсіп, толқындардың көбігімен ойнайды. Кемпірқосақ одан өзінің түрлі-түсті иірімжібін тартып тұрғандай. Көз алдына елестететін болсақ – Ертіс жанданып, ертегі алыбына айналады.
Ерте-ертеде шығыс Қазақстанның жерлерінде көшпенділер өмір сүрген болатын. Ертістен ағатын өлкеде бұрынғы уақытта шөл дала болған еді. Сол жазықта бірдебір өзен, бірде-бір көл, бірде-бір бұлақтар болмаған-ды. Әрбір екі-үш жылда ол жерде жазда құрғақшылық болып, шөптер күйіп кетіп жатты. Сонда сол жерден аңдар қашып және құстар ұшып кеткен, ал онда адамдар аштық пен шөлден өле бастаған.
Бір күні жаздың алдында көптеген ырым бойынша ауа-райының қолайсыздығынан көшпенділер қамыға бастайды. Содан кейін көшпенділер атақты алып батыр Ер-тізді іздей бастайды және одан көмек сұрамақ болады. Демалып жатқанын көріп, аяғына жығылып, оларды қандай қатал бәле тосып тұрғанын айтады. Осы бәледен құтқаруына көмек сұрайды.
Бұны естіген батыр аяғынан тік тұрды. Оның басы аспаннан жоғары, ал көлеңкесі одан жоғары құлады, барлығы оны көре алмады, тіпті ұшып жүрген қырандар да оны көре алмаушы еді.
Ер-тіз оң қолын көтеріп, оңтүстігінде тауларға үлкен саусағын қадайды да, солтүстікке қарай апарады, мәңгі қуаңшылықтан қасірет шеккен жазыққа жеткізеді, одан ары қарай қарай солтүстіктегі үлкен өзенге апарады. Батырдың тырнағы жердің бетінде жалпақ және терең арна қалдырды. Одан су ағындары аға бастайды, тас жоталарды жауып тұрған қар мен мұздар еріп, суға айналады. Осылай үлкен өзен пайда болады.
Сол уақытта шөлді жазық далада тамаша гүлдер пайда болды. Олардан таңғаларлық гүлдер және басқа да өсімдіктер өсіп, аңдар және құстар мекендей бастайды.
Ғажайыптың болуына батырдың көмектесуін өтінген көшпенділер оның құрметіне жаңа пайда болған өзенге Ер-Тіз деген ат берген. Кейінірек оны біраз басқаша «Ертіс» деп атап кеткен.
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз