ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

«Еңлік-Кебек» ғашықтар туралы аңыз

Көне аңыз-әпсаналар » «Еңлік-Кебек» ғашықтар туралы аңыз

Шамасы бұдан жүз елу жыл бұрын Жуантаяқта Кебек деген батыр болған. Жиырмаға келгенде жас батырдың күш-қайраты бойына сыймай, алыс атыраптарға асыққандай жүрегі аттай тулайды. Ол бірде Кебек атын ақырын аяңдатып, ел-жұртқа дуалы деген, аты жайылған Шыңғыстаудың құз-қиясын мекен еткен Нысан Абыздың жадау киіз үйіне келеді.

Қобыздың адам жүрегін елжірете зарлаған, сызылған, мұңайған, қайғы төккен сазы құйылып, жігіт көңілін оп-оңай баурап алды.

– Кебек батыр, неге тұрып қалдың? – деген қатқыл дауыс естіледі. – Әлде келген шаруаңды ұмыттың ба? Түсі суық шал жігіт сәлемін алып болмай жатып, оның көзіне көзін қадап: – Мен келетініңді, Кебек батыр, біліп отыр едім, – деді. Тыңда. Өтер, жылдар кетер. Білегіңнің күші де, епті пысық ісің де жаяр даңқыңды алысқа. Сені руыңның тірек қазығы деп таныр, сыйлар. Бірақ күнің қысқа. Тіршіліктің бал қызығын енді татып, өмір құнын енді түсіне бастағаныңда, бақыт құшқан шағыңда туыстарыңның да, жауларыңның да қарғысын алып өлесің.

Осыны естіп Кебек үйіне қайтады.

Бірде Кебек батыр аңға шығып, бұрқасын боранға тап болып, кеш бата адасып кетеді. Қызды-қыздымен жүріп Хан тауынан асып, қарсы ру жауласып жүрген ел – Матайлардың жеріне қарай өтіп кеткенін өзі де байқамай қалады. Ол кезде қасқарайып кеткен. Үйге қайтпай, қоналқыға таяудағы ауылға беттегенде бір қызға жолығады. Кебек оны бұрыннан білетін сияқты. Жалын сезім екеуінің де бойын шарпып, махаббат құштарлығы алау атады. Еңлікті әкесі Керей руындағы бір бай шалға атастырып қойған болатын, қалың малдың да жартысы алынған. Қос ғашықтың ыстық құшақтарына еш нәрсе де тосқауыл бола алмады. Кебектің келуі жиіліп, бір түнде Еңлікті алып, өз ауылына тартып береді.

Кебек – жаудан қайтпас ер жүрек, жар сүйген жалынды жігіт. Екі елдің шоқпар сілтесіп, қарсы шабысып тұрған жаугершілігіне қарап, қорқып бас сауғаламайды. Сүйген жарын алып қашады. Ескі әдетпен батыр махаббаты үшін күреске түседі.

Намыстары күйгендей болған қыздың елі Кебек ауылының малын барымталап айдап әкетеді. Пәле басталады. Елді ел шабады. Барымта, Соғыс, Өлім. Екі жақ итжығыстан шаршап-шалдығып барып орта биге жүгінеді. Кеңгірбай би Кебек пен Еңлікті жазалауға үкім шығарады. Халық Ақшоқы биігінің басына жиналады.

Дала заңының үкімі Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіріп, шырылдаған баланы, шыбын жаны шырқыраған жас жанды Ералы жазығының шығысындағы Шұбар төбеге жерлеп тынды. – дейді қос ғашық туралы аңыз-әңгімеде.

Қазіргі күні Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Ералы жайлауының шығыс жағындағы, Семей-Қарауыл тас жолынан бес шақырым жерде тұрған мазар – Махаббат Мұнарасы, ел қадірлейтін, ғашықтар сыйынатын ескерткішке айналды.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз