ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Бүрін апа желі

Көне Аңыз-әпсаналар » Бүрін апа желі

(Дереккөз: Келгембаева Бақытжан. Ел мен жер тарихы: оқу құралы. –  Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. – 168 б.)

 

Қыс болса ызылдап соғып тұрып алатын осы желдің Бүрін аталуы да қызық. Ерте кезде осы Бозша атты ауылда Бүрін апа деген адуын, тілі ащы кемпір болған екен. Бүрін апа келе жатыр дегенді естігенде ес білетін баланың бәрі жылауын қояды деседі. Сол кемпір өлер шағында «мен бәрібір өлген соң да көрде тыныш жатпаймын, сендерге өлсем де маза бермеймін», – дейді екен. Сол кемпір өлген соң ауылдың басындағы молаға апарып қояды. Сол күннен бастап осы моладан басталып ызылдаған суық жел соғады. Қазір де жел ауық-ауық соғып тұрады. Ауыл адамдары әлі күнге дейін «Бүрін апа соғып тұр» деп айтады.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз