ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Бөрітостаған

Көне Аңыз-әпсаналар » Бөрітостаған

Тым ерте кезеңдерде Тарбағатай тауларының бірінде өте ірі денелі алып кейуана өмір сүріпті. Күндердің бір күнінде жарықтық алып анамыз отарлы қойын жазыққа айдап салып қаперсіз жайып отырады. Терең ойға берілген күйі бір уақ ыңылдап бір әннің қайырымын келтіреді. Ара-арасында ұршығын иіріп,  балалық шақтың қилы қызықтарын сағына еске алған сәтте тыныш жатқан отардың шеті  қайта-қайта дүр көтеріледі. Тыныш жатқан отарына да, бейқам отырған өзіне де маза бермеген қасқырларға әбден зығырданы қайнаған алып кейуана иіріп отырған ұршығының басын лақтырып,  көкжал біткенді үркітіп отырған деседі.  Осы Бөрітостаған тасы сол алып кейуананың ұршығының тасы екен деген аңыз бар.

Шығысқазақстандық математик Тоқтар Нұркенов «Бөрітостаған» аспаннан түскен қатты зат, бұл тас метеориттік қопарылыс кезінде ұясынан жылжып кеткен пергаменттік дене болуы мүмкін» деген болжам айтады. Геологтар «бұл тас мол су көзін басып жатыр» дейді. Бұл пікірді жергілікті тұрғындар да құптайды. Өйткені Бөрітостаған тастарының арасы үнемі ылғалданып жатады екен. Жұрт арасындағы аңызы мен ақиқаты аралас әңгіменің бір парасы осындай. Қайсысы рас, қайсысы жалған? Бұл – Бөрітостағанның өзіне ғана аян.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз