ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Аягөз

Ерте замандардың бірінде ел болып әлпештеген ақылына көркі сай, сұлулығын суреттеуге тіл жетпейтін бір қыз өмір сүріпті. Ол қыздың  аты – Аяу екен. Бой жетіп, толған айдай толықсыған шағында сол елдің жігіті Жайсаңмен тіл табысып, көңіл қосады. Екеуі бірге өмір сүруге сөз байласады. Күндердің бір күнінде ниеті қара Нойыс деген жігіт Аяуды айттырып алмаққа құдалық кәдесімен келіп, ауылына түседі. Бұған Жайсаңның туған-туысқандары араласып, іс насырға шабады. Әбден шиеленіскен кезде бір қапысын тауып, Нойыс Жайсаңды мерт қылады. Осындай қайғылы оқиғаның куәсі болған Аяу нәр сызбайды, ботадай боздаған күйінде жатып алыпты. Үлкеннің сөзіне құлақ аспайды, кішіні тыңдамайды. Құрбы-құрдастарымен де қатыспайды. Сөйтіп, қайғының салдарынан Аяу қаза тауыпты. Көзінен аққан жас сарқыраған өзенге айналыпты. Сонан ел жаңағы өзенді Аяудың көзінен аққан жас, Аяудың көзі деп атап, кейін келе “Аягөз” болып кетіпті.

Теміржанова Ақбота – “Аягөз” аңызына иллюстрация.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз