ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Алып әйелдің ұршығы

Көне Аңыз-әпсаналар » Алып әйелдің ұршығы

Тарбағатай тауы етегінде, Қалба тауының оңтүстік беткейінде Сарыдала деген аңғар бар. Осы аңғардың ортасында жападан-жалғыз недәуір биік тау көзге түседі. Сол таудың басында бей-берекет жатқан тастарды көресіз. Тастар осы арада зікір салған баяғы шамандар  заманынан қалған екен. Ал жалғыз таудың пайда болуы жөнінде мынадай аңыз айтылады.

Бұрынғы заманда бір алып әйел Тарбағатай тауында ешкі бағады екен. Сол  ешкілерінің жүнінен жіп иіреді. Әйелдің зор болғаны сонша, Тарбағатайда отырғанда мұның аяғы Кіші Тарбағатайда жататын көрінеді.

Күндердің бір күні алып әйел ешкілерін бағып, жіп иіріп отырса, ешкілеріне қасқыр шабады. Әйел ызаланып ұршығын қасқырға лақтырғанда, ұршығы барып Сарыдаланың ортасына түсіп, сол арада тау болып қалыпты дейді.

Қожахметова Айсұлу 10жас. “Алып әйелдің ұршығы” аңызына.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз