© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Ғашықтықтың айықпас дертіне шалдыққан Ұласты «Қайтсем оның назарын аударам», – деп қиналыпты. Сол жерді мекендейтін адамдардың салты бойынша жолы қиын, шыңның ұшар басында өсетін гүлді сыйлау «Бірге ғұмыр кешейік, бірге өмір сүрейік!» – деген ұғымды білдіреді. Талай жігіттің бетін қайтарған Ұласты шыңда өсетін гүлді сүйгеніне өз қолымен табыс етуге бел байлайды.
Алайда жігіт жүрегінде оған деген орын жоқ екендігін айтқанда қапаланған ару жерге соғылып, құсқа айналып кетеді. Ал жігіт мұздай суға айналып аға жөнеледі. Құсқа айналған ару ғашығына тым болмаса бір қарау үшін өзен маңын айналып ұшатын көрінеді.
Сары алқым қунақ құс күні бүгінге дейін Алқабек өзенінің аңғарын мекендеп, басқа жаққа кететін себебі сол екен. Алқымы – алтын түстес, дене тұрқы сұрғылтым жасыл түсті әдемі құстың ғылыми атауы – сары алқым ара жегіш, немесе жасыл аражегіш екен. Алқабек жігіт пен Ұласты арудың махаббат тарихы осылайша аңыз болып өріліп, бүгінгі күнге жеткен екен.
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз