© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Ертеде өлкемізде Абылай атты өзі сараң, өзі залым хан өмір сүріпті.
Ағып жатқан өзенге қарап: «Осы өзен суын қайда апарады, кім пайдаланады? Оған бөгеу салып тастайын, сонда өзеннің мол суын өзім ғана пайдаланып, малымды суарамын. Таза су ішемін» – деп ойлайды.
Қол астындағы әскерлеріне үлкен-үлкен тастармен өзенді бөгеуге бұйырады. Өзен қарсыласып бағады, тасиды, арнасынан асады, тулайды, тастарды Ертіс өзеніне ағызып әкетеді.
Дегенмен, адамдар жеңіп, бөгет салынады. Хан бөгетке келіп, «Көрдің бе, мен қандай күштімін! Енді сен маған бағыныштысың! Қажет етсем, сенің суыңды жалғыз өзім ішемін» – деп айғайлайды.
Мұндай қорлыққа шыдамаған өзен бар күшін жинап бөгетті бұзып, үлкен тастармен қоса сараң ханды Ертіске ала кетеді. Жағада тұрған халық «Абылай кетті, Абылай кетті!» деп айғайласады. Содан бастап өзен Аблакетка аталып кеткен екен.
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз