© 2023. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
«Ертіс» сөзіндегі «ер» – ежелдегі түркі тілінде «жер» деген ұғымды білдірсе, «тіс» – «тес», яғни жерді үңгіп тес дегеннен қалыптасқан ұғым сыңайлы.
Осы асау Ертіс пен бипаз Үлбі туралы аңыз былай дейді:
Ертеде қарт Алтайдың ерке, тентек Ертіс деген сүйікті ұлы болған екен. Күндердің бір күнінде ол ел көру, жер көру үшін сапарға шығуға бел байлайды. Тентегін алысқа жібергісі келмеген әкесінің қарсылығына Ертіс құлақ аса қоймаған соң, Алтай оның жолына биік тау-тастан бөгет жасап қояды. Алайда, қайраты тасып тұрған жер тескіш ұл жартастарды егеп, өзіне жол салып, алысқа ұзай береді.
Амалы құрыған әке ұлының соңынан дәу тастар мен құз-жартастарды лақтыра бастайды. Сол құз-жартастар Ертіс аңғарларын күні бүгінге дейін қаумалап тұр. Сәл-пәл екпінін басқан Ертіс, ендігі жерде бет-алысын солтүстікке бұрады.
Алайда, жолында таусылып бермес кедергілерден мезі болған ол қайтадан бұрқ-сарқ ашулана бастайды. Дегенмен, бұл жолғы ашуы ұзаққа бармайды. Алыстан оның құлағына сылдырай аққан бипаз Ұлпанның дауысы естіледі. Ашуы су сепкендей басылған Ертіс ағынын баяулатады. Сәлден соң Ұлпанды өзіне қосып алып, солтүстікке қарай бірге ағады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, әйтеуір ғашықтардың сапары ұзаққа созылыпты. Ақырында алдарынан момақан Обь өзені кезігеді. Қос өзен шаршап-шалдығып Обь өзеніне жетіп құлаған дейді.
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз