© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
(Дереккөз: Қатонқарағай – аңыздар өлкесі: электрондық ресурс / құраст.: Жұмағұлова Гүлзира Дәулетханқызы. – Өскемен: Рекламный Дайджест, 2024. – 176 б.)
Асан қайғы Сәбитұлы (XIV ғ. ақыры – XV ғ. басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған.
Асан қайғы бабамыз халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты – «Жерұйық». Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел аласы, ру таласы жоқ.
Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген Асан қайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады.
Аңыздардың айтуында желмаясына мініп Жерұйығын іздеген Асан қайғы Алтай өңіріне келгенде: «қысың 6 ай, жазың 6 ай, асты-үстің толған алтын, жер жәннаты екенсің» депті. «Алтай» деген аты осыдан барып қалыптасыпты деген де сөз бар.
© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз