ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ
ИЗ ГЛУБИНЫ ВЕКОВ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Бөгенбай асуы немесе Тар өткел

Көне Аңыз-Әпсаналар » Бөгенбай асуы немесе Тар өткел

(Дереккөз: Қатонқарағай – аңыздар өлкесі: электрондық ресурс / құраст.: Жұмағұлова Гүлзира Дәулетханқызы. – Өскемен: Рекламный Дайджест, 2024. – 176 б.)

Бөгенбай асуы Шабанбай жайлауында. Бұл асу «Тар өткел» деп те аталады. Соноу Жоңғар шапқыншылығынан қалған атау, кейде тіпті Табұға деп те аталады. Қалай десе де бұл биік төрт бірдей батыр – Қабанбай, Бөгенбай, Көкжал Барақ, Тайбұғалардың табаны тиіп, қылыштарын қалмақтың қанына бояған Тар өткел…
Бұқтырманың бойында жоңғарлар қатты қырылып, Бөгенбай бастаған қазақ қолы қалмақтардың жармысын суға тоғытса керек. Бірде жаңбыр, бірде қар қара күздің кезі екен, жаудың қалған үздік-создық шашырандысын өкшелеп жеткенде тау басына тоң тұрып, қабыршық мұз қатыпты. Соғыса жылжыған әскер соңынан көшін ертіп, ежелгі қонысына ел қона бастаған. Әскер жорықтан, халық қорлықтан қажыған, айналып қайта шаппасын деп Алтайдың қуыс-қуысына қамап алып қалмақтарды тып-типыл қырып салу керек деген қолбасшылар кеңесінің шешімі болған. Жаудың жан-жағынан тосқауыл жіберіп, негізгі қолдың қос қанатында Көкжал Барақ пен Тайбұға жүрген екен. Соңғы асуға киіз төсеп, күл төгіп өткен, кейін Бөгенбай асу атанған «Тар өткел» осы.
Әр төбенің басында тас қорым – қалмақтардың моласы, қалғанын Қатынсу жұтқан. Қазақстан шейіт болғандарды елге апарып жерлеген. Жеңістен соң Тайбұға Қаратай елін қоныстандыруға кірісіп, Шерушіге – Майемер даласын, Шоңмұрынға Қоңқай өңірін, Сарғалдақ пен Дәулетке, Кәлім мен Шимойынға Тарбығатай етегін, Самайға Сартепсеңді бөліп берген.
Сөйткен Тайбұғаға бұл күнде белгі де жоқ. Зираты Майемердегі мектептің астында жатыр…
(Ысқақов Қ. Менің інілерім: Эсселер)

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз