ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Қандысу атауының тарихы

Көне Аңыз-әпсаналар » Қандысу атауының тарихы

Еліміздің Шығыс аймағында 1745-1755 жылдар арасында бірнеше ірі шайқас болғандығы тарихтан белгілі. Солардың бірі – 80 күнге созылған Шорға шайқасы. Оған бүкіл қазақ батырлары Қабанбайдың қолбасшылығымен қатысып жеңіске жеткен. Абылайхан да,  Қазыбек би де болған ол шайқаста…

Атақты Шорға шайқасында Қалмақтың Балды батыры қолға түсіп, қаза табады екен. Қабанбайдың соғысқа машықтанып, әбден сақа болған кезі деседі. Барлық жиылған би, батырлар қолбасшы етіп Қабанбайды сайлапты. Ол кезде Бөгенбайдың шау таптып қалған кезі дейді. Қолбасшылыққа ұсынған бірден бір сол екен Қабанбайды.

Қандысу, Тайжүзген деген қазіргі жер-су атаулары Шорға шайқасынан кейін қалған атаулар.

Қалмақты қойша қырды дейді жиылған қазақ батырлары. Өзен бойлап қашқанын суға батырып, қылышпен шауып, ер кіндікті кетпесін деп барлығын қырып салды. Сонда өзен қызыл қанға боялып ақты. Содан бері Қандысу атанған деседі. Шұрайлы жермен қалмақтар зарлап қоштасты, алып қашқан көп жылқысы Ертіске ағып кетті деседі. Қолға түскен Балды батырға Қабанбай: – тұлымыңды өз қолыңмен кесіп бер, қарусыз атқа мінгізіп тірі жіберейін депті.

Сауытсыз Қабанбайдың алдында тізерлеп отырған намысшыл Балды сол жерде өзінің тамағын өз қолымен орып жіберген екен.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз