© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
(Дереккөз: Қатонқарағай – аңыздар өлкесі: электрондық ресурс / құраст.: Жұмағұлова Гүлзира Дәулетханқызы. – Өскемен: Рекламный Дайджест, 2024. – 176 б.)
Алтай алабында Шабанбай жайлауы деген жер бер. Бұл жайлауды ертеден бері Найман ішіндегі Қаратай елі мекен етеді. Жердің жаннатындай Шабанбай жайлауын мекен еткен елдің еңсесі биік. Осыған байланысты ел аузында:
«Шабанбайдай жер қайда,
Қаратайдай ел қайда?!» деген өлең жолдары сақталған.
Ертеректе қаратайлар мен Қытай жақтан келген керейлер арасында барымта болып тұрған. Бір жолы керейлер қаратайлардың өрісте жатқан жылқыларын барымталап алып кетеді.
Жергілікті жердің жағдайын дұрыс білмеген керейлер жолдан адасып, батпаққа қамалып қалады. Арттарынан қуып келген қаратай жігіттері оларға қарсы шапқан. Осы барымта тартысы кезінде керейлердің басшысы Шабанбай өледі. Содан бастап осы жер Шабанбай аталып кетеді.
© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз