ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Үйгентас

(Дереккөз: Келгембаева Бақытжан. Ел мен жер тарихы: оқу құралы. –  Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. – 168 б.)

 

Қабанбай бастаған қол жоңғарларды тұтқынға алған екен. Жоңғарлардың қанын босқа төкпей, бірақ қазақ жеріне қайта айналып келместей қылуды ұйғарады. Ақылдаса келіп, қазақ жеріне кірмес бұрын үлкен бір шұңқырға өзі көтере алатын бір-бір тасты тастап, енді қайтіп осы шекарадан өтпеймін деп ант берсін деп шешім жасаған екен. Сонда жоңғарлардың көп болғаны соншалық, үйілген тас тау сияқты болыпты. Содан «Үйгентас» деп атап кеткен екен.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз