ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Сайқан жотасы

Көне Аңыз-әпсаналар » Сайқан жотасы

(Дереккөз: Келгембаева Бақытжан. Ел мен жер тарихы: оқу құралы. –  Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. – 168 б.)

 

Сайқан жотасының аталуы түркінің Сайһун деген батырының атынан шыққан. 552 жылы құрылған Түркі қағанаты 582 жылы екі қағандыққа бөлінеді де, Шығыс және Батыс қағандығы үнемі қырқысып отырған. VIII ғасырда өмір сүрген Шығыс түркі қағанатына атақты қолбасшы Күлтегін бір жолы жорыққа аттанады. Оның қол астында Сайһун деген батыры болған екен. Сайһун осы ұрыста үлкен ерлік көрсетеді.

Сол жолы қайтып келе жатқанда көп әскер Тарбағатай жерінен өткенде судан тапшылық көріп, шөлдейді. Сол өңірдегі жотаның маңына келгенде сан-салалы бұлақтарды көреді. Судан қаталаған жасақтар бас сала ішпекші болғанда, топ ішінен бір ақсақал тұрып:

– Бұл жердегі сулар улы келеді. Ішуге болмайды. Ішпеңдер! – дейді. Бірақ Сайһун батыр шыдамай ішіп қояды. Көп ұзамай Сайһун батыр ауырып, сол жерде дүние салады. Сайһун батыр сол жерге жерленіп, жота Сайһун батыр атымен аталады. «Сайһун» сөзі бірте-бірте дыбыстық өзгеріске ұшырап, «Сайқан» деген сөзге айналған.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз