© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
(Дереккөз: Келгембаева Бақытжан. Ел мен жер тарихы: оқу құралы. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. – 168 б.)
Қазақ пен қалмақ арасындағы кезекті бір қақтығыс Шығыс Қазақстан аймағындағы Шілікті өңірінде болыпты. Осы шайқаста ерекше ерлік көрсетіп, көзге түскен Қарасай деген қазақ батыры екен. Жау жағына ойсырата соққы беріп жүрген батырды қалмақ жағы қапысын тауып, садақ оғымен мерт қылады.
Қалмақтарды тықсыра қуып тастаған соң батырды өзі қаза болған тұстағы тау сілемдерінің біріне жерлейді, басына белгі тұрғызады. Содан бері Шілікті өңірінде осы моладан басталып жел соғады. Желдің соғуы ерекше. Осы жел бүкіл табиғатқа өзгеріс әкеледі. Жергілікті халық бұл желді «Қарасай желі» деп атайды. Қарасай желінен соң күн жылынып, қар ериді, көктем белгілері біліне бастайды. Жұрт бұл желді қапыда қаза тапқан жас батырдың мәңгі өлмейтін рухы деп есептейді.
© 2025. anyz.pushkinlibrary.kz Барлық құқықтар сақталған.
Экраннан оқу құралы
Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз