ИНТЕРНЕТ-ПОРТАЛ

Search
Close this search box.

Кергентас, Шаған оба

Көне Аңыз-әпсаналар » Кергентас, Шаған оба

(Дереккөз: Келгембаева Бақытжан. Ел мен жер тарихы: оқу құралы. –  Өскемен: Медиа-Альянс, 2005. – 168 б.)

 

Сонау XVIII ғасырдың орта шенінде Тарбағатай өлкесін иемденіп алған қалмақтар қазақтарға қоныс бермепті. Қазақтың малы өсіп, өріс тарлық еткен соң өңірдегі қалмақтарды қуып тастау жөнінде қазақ ханы Абылай қосын ұйымдастырып, бас қолбасшылыққа Қаракерей Қабанбай батырды сайлап, Шорға өңірінде 80 күн соғыс болады. Ақыры қалмақтар жеңіліп, Маңырақ тауын тастап, Еділ бойына қарай шегінеді.

Сол бір соғыста қалмақ батыры Шаған қолға түседі. Шағанның ерлігіне сүйсінген қазақ батырлары астына арғымақ мінгізіп: «Еліңе қарай қаш! Біз қуып жетсек, сайысып өлтіреміз», – деген соң, Шаған тұлпарға мініп, Шілікті жазығын көктей отырып, Қарасайға қарай тартады. Артынан топтанып қуған қазақ батырлары үздіксіз садақ тартып Шағанды жаралайды. Шаған қанша жаралы болғанмен, атына қамшы басып, биік тауды бетке алып тарта береді. Ақыры таудың басына шыққанда қансырап өледі.

Соңынан қалмақтар Шаған батырдың қашқан ізіне түсіп, тамған қанының бір-бір тамшысына тас орнатып, тізілген тас пайда болады да кейін ол «Кергентас» деп аталып кетеді.

Шаған сол өзі шыққан биігінде өліп, сонда жерленеді. Сол тау басына үлкен оба тұрғызылып, кейіннен «Шаған оба» деп аталған.

Сұрақ немесе
ұсыныс бар ма?

Бізге жазыңыз, біз сізге жақын арада хабарласамыз